Ұлыстың ұлы күнін тойлаудан Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультеті де тыс қалмады. Он жетінші наурыз күні атап өтілген «Қош келдің, әз Наурыз!» атты дәстүрлі мерекелік шарамыз шашу шашудан басталып, алғашқы сөз кезегі факультетіміздің деканы Абулкасова Дина Бакытжановнаға берілді. Құттықтаудан соң ФИ-31 тобының студенті Кадерова Джамиляның орындауында қобызбен «Көктем» күйі тартылып, 1-3 курс студенттері сахнада асықпан қазақтың ұлттық ойыны «Хан талапайды» көрсетті. Ойынның арты құда түсу, сырға салу, беташар рәсімдерінің қойылымымен жалғасты. МФ-23 тобының қыздары қазақ биін билеп ортаның сәнін келтіріп, кезек келесі рәсім бесікке салуға берілді. Мерекені Сериков Айбол мен Қайырғалиев Нұрәділдің орындауында қазақ әндерінен попури тамашалап, тұсау кесу рәсімін және ИС-11 студенттері Қайырболат Асыл-ай мен Бақытжанова Жұлдызайды «Ерке сылқым» күйімен өнерін ортаға салды. Соңында мерекелік шара Наурыз батамен жалғасты. Осындай көктемнің ең керемет мерекесіне физика-математика факультетінің білім алушылары белсене ат салысып, есте қаларлықтай жоғарғы деңгейде аталып өтті.