М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Физика-математика факультетінің Информатика кафедрасының ZOOM платформасында 1 курс студенттеріне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты кураторлық сағат

2020 жылдың 14 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Физика-математика факультетінің информатика кафедрасында ZOOM платформасында 1 курс студенттеріне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты топ кураторы оқытушы, магистр Насырова Булбул Сагингалиевна дайындаған болатын. Бұл шараға 1 курс студенттері, әсіресе ИС-11, ВТиПО-11, И-11 топтарының студенттері барынша атсалысты. Шараны бастамас бұрын кураторлық сағаттың қандай мақсатты өткізгелі жатқанын, мынандай үлкен тақырыптың қаншалықты маңызы бар екенін айта кетті. Шара елбасының Тәуелсіздікке байланысты ұлағатты сөздерімен басталды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі......». Біздің осы күнге жетіп отырғанымыз, ата-бабаларымыздың бойындағы намысы мен ер жүректілігінің асқақтап тұруы, олардың елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында деп ойлаймын. 1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Президентімізді сайлап, «Тәуелсіз егеменді ел» болдық. Өткенімізді қарастырсақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Еркіндіктің біздің елімізге, жерімізге қандай жолдармен келгенін әрбір Қазақстан азаматы бес саусағындай біледі деген ойдамын. Жалпы Қазақ халқы өз елінің тәуелсіздігі үшін  мың өліп, мың тірілген дейді ғой. Ол тарихымыздың әр кезеңінен белгілі. Солардың ішіндегі ең азаптысы десем қателеспеген болармын, 1986жылы тәуелсіздік үшін болған желтоқсан оқиғасы.

Шарада Булбул Сагингалиевна жүректері елім деп, елімнің тәуелсіздігі деп соққан,1986 жылы желтоқсан көтерілісіне қатысқан боздақтарымыз туралы ақпарат беріп, сол оқиғаның басты азаматтары мен азаматшалардың әрқайсысына тоқталып өтті. Олар-Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев т.б. Мұндай шараны көріп отырған студенттердің жүректері елжіремей қоймады.Әрине, қайдан ғана жүректері жібімей, көңілдеріне қаяу түспесін. Шынында,бұл боздақтар сол кезеңде қазіргі өздерімен құрдас, жас студенттер еді ғой. Оларға ол кезде оқуларынан  да биік зат бар екенін студенттер түсінді.Тіпті,өз жандарынан да биік! Әрине, бұл кураторлық сағаттың сапасының арқасы. Куратордың ойлағаны өз студенттерінің жүректеріне барғандай. Шара аяқталған соң әр студент тәуелсіздікке байланысты өз ойларын айтып өтті. Кураторлық сағат жоғарғы деңгейде өтті.

17.png - 283.05 kB

Қорытындылай келе, Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының, келешек ұрпақтың міндеті. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме Тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атамызға алғысымыз ұшан теңіз.

18.png - 96.39 kB

Мақала дайындаған

ИС-11 топ студенті Түгелбай Нұрзада