«Google Форма онлайн құралы арқылы студент білімін бағалау» шеберлік класы

2020- жылдың  қараша айының 4- күні  Информатика кафедрасында 

 “Google  Форма онлайн құралы арқылы студент білімін бағалау” тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік семинарының кезекті отырысы өткізілді. Семинар отырысы шеберлік класы формасында Zoom платформасында онлайн өткізілді. Шеберлік класын кафедраның аға оқытушысы Мухамбетова Ғ.Г. өткізді. Оның мақсаты болып  қашықтан оқыту жағдайында  студент білімін бағалау  үшін Google Форма онлайн құралын қолдану және  Zoom қосымшасында ішкі топтармен (сессиямен) жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу саналды.

         Шара барысында оған қатысушыларға кері байланыс, онлайн тесттер мен сауалнамалар жасаудың онлайн қызметін атқаратын бұлттық сервистің бірі Google Форма қосымшасының қызметі, мүмкіндіктері мен қолданылу аймағы жайында баяндалып, презентация көрсетілді.

Сонан соң, Google Форма қосымшасында жұмыс жасау мүмкіндіктері практикалық түрде компьютер экранында көрсетілді. Қосымшаның тест  мүмкіндіктерін баптау, түрлі формада тест тапсырмаларын құрастыру, оны студенттерге жіберу және жауаптарды қабылдау мен талдау функциялары толығымен егжей тегжейлі қарастырылды.

Семинар барысында кафедраның аға оқытушысы Амантурлина Г.Қ. Google Форма қосымшасының бөлім құру және онымен жұмыс жасау мүмкіндігі жайында баяндап, оны қолданудың  практикалық мысалдарын көрсетті.

Сонан соң,  Zoom қосымшасында ішкі топтармен (сессиямен) жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылып, сессия бөлмелері функциясының  студенттермен жұптық жұмыс, топтық жұмыс жасауда ыңғайлы  құрал екені айтылды.  Айтылған теориялық білім практикамен ұштасып, жүргізуші семинарға қатысушыларды топқа бөліп, әр топ талқылау сұрақтарымен жұмыс жасады.  

Семинарға қатысқан кафедра оқытушылары шеберлік класында қарастырылған қосымшалар мүмкіндіктерін студенттерге қашықтан білім беруде өз сабақтарында қолданып, тәжірибелерін шыңдай түсері сөзсіз.

 

Информатика  кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинар жетекшісі: Мухамбетова Ғ.Г.

fim6.jpg - 209.81 kB

fim7.jpg - 197.79 kB