Қазіргі уақытта электрондық оқу материалдарын оқыту үшін қолдану сұранысқа ие болып келеді, өйткені электронды түрде ұсынылған материал баспа құралдары мен оқулықтарға қарағанда қолжетімді және оңай таралады. Қабылдау үшін ең ыңғайлы форма - бұл біртұтас оқу кешеніне біріктірілген материал.
2024 жылдың 7-ақпанында физика-математика факультетінің «Математика, физика және информатиканы оқытудағы ЖОО мен мектептердің өзара әрекеттестігі» әдістемелік айлығы аясында «Электрондық оқу құралдарын модельдеу және әзірлеу технологиялары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: оқытушылар мен студенттерді Turbosite және Flip Pro Professional конструкторларымен таныстыру. Семинар барысында информатика мұғалімдері мен ІТ-мамандарын даярлау БББ аға оқытушысы Ж.С.Иксебаева TurboSite және Flip Pro Professional бағдарламаларында электрондық оқу құралдарын әзірлеу әдістерін көрсетті. Сондай-ақ, әзірлеудің ақпараттық және бағдарламалық жасақтамасы қарастырылды.
Семинарға информатика мұғалімдері мен ІТ-мамандарын даярлау БББ-ның профессор-оқытушылар құрамы, 6В01501 Информатика, 6В06102 Ақпараттық жүйелер БББ 4-курс студенттері, М.Өтемісов атындағы БҚУ әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің әдіскері Л. Ж.Ермекбаева қатысты.