М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Физика-математика факультеті, Информатика кафедрасының аға зертханашысы–Майра Тулегеновнаның «60 жас мерей тойына арналған» салтанатты құттықтау кеші ұйымдастырылды.
30 сәуір күні бас ғимараттың 222 аудиториясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Информатика кафедрасының аға зертханашысы Майра Тулегеновнаның мағыналы ғұмырының биік бір белесі, даналықтың дариясы кемелдену кезеңіндегі мерейтойына арналған кеш Майра апаның өмірбаянын оқудан бастау алды.
Майра Тулегеновна БҚО, киелі Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында 1 мамыр 1963 жылы дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын 1980-1985 жылдары аралығында оқып, физика және математика мұғалімі біліктілігі бойынша тәмамдаған, кейін 1985-1988 жылдары аралығында Орал қаласындағы №11 мектеп-интернатында тәрбиеші жұмысын атқарған, 1988 жылынан бастап Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің информатика кафедрасының аға зертханашы қызметін атқарып келеді, арасында отбасы жағдайына байланысты 3 жылдық үзіліс болды. Дегенмен ол жұмыс өндірісіне қиындық келтірмеді. Қазіргі кезде Майра Тулегеновна өз ісіне жауапкершілігі мол, тәжірибелі тұлға. Жетістіктері: 2021 жылы Басқарма төрағасының ректорының м.а. Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлының атынан Қазақстани Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай елдің дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен, 2022 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдық мерей тойына орай білім-ғылым ордасының қарыштап дамуы жолында қажырлы қызмет атқарып жүрген, лауазымдық жұмыстарының озық нәтижелері үшін басқарма төрағасы-ректор Н.Х. Серғалиевтің атынан Құрмет грамотасымен марапатталған болатын. Отбасын 1982 жылы құрған, жұбайы Жұма Даукенович Орал қаласы, Хиуаз Доспанов атындағы №30 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі (ЖОББМ), (БҚО, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл аул. 12.06.1959 ж.) Отбасында үш ұл тәрбиелеп отырған және жеті немере сүйіп отырған бақытты отбасы. Ұлдары: Оралбек Жұмаұлы Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы лауазымын атқарып жүр, Гаухарбек Жумиевич Астана қаласындағы Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы «Экономикалық зерттеу және болжау орталығының жетекшісі сарапшысы», кіші ұлы Айбек Жумиевич Орал қаласында «ARLAN BM» ЖШС бағдарламалау жөніндегі маманы.
Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған көпшілік сізді ашық жарқын мінезіңіздің арқасында білетіндіктен, алғашқы құттықтау сөз кезегін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесі-проректор Қайсағалиева Гульжихан Смайловаға берілді.
Жас та болса да, өзінің еңбек етіп жүрген саласында білікті де білгір маман ретінде танылып үлгерді. Осы айтулы сәтте алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектес дей отырып, келесі сөз кезегі Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мерген Куанышұлы Сулейменовке берілді. Өзінің жылы лебізін білдіргеннен кейін ән шашумен кеш өз жалғасын тапты, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі орындалды. Орындаған, БҚУ 1 курс студенті Жексенұлы Нұрсұлтан.
Әрі қарай сөз кезегін факультетіміздің деканы Абулкасова Дина Бакытжановнаға берілді. (Адресат пен гүл шоқтарын табысталды). Таңдаған өмір жолын абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсіріп, өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ болсын дей келе жолдасы, бала-келіндері мен немерелеріне сөз кезегі беріледі. ЛЭД экраннан алыстағы балаларының құттықтау видеоролик көрсетіледі, фотосуретке естелікке фотоға түсті.
Байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі маман ретінде танылды. Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі - ниет, ақ тілектерін сонау жылдардан бері дос, құрбы болып келе жатырған құрбысы Дүйсенова Гүлнәр Алғазиевнаға берілді.
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөленіп жүрген Майра апаның физика, математика кафедрасының әріптестеріне берілді, оның ішінде Балия Санаковна, Самал Махамбетовна, Нургул Нуржановна (Оқу өндірісінің шебері), Айгул Жолдагалиевна (зертханашы), Эльмира Гайнеденовна (архивтеуші).
Одан кейін сөз кезегі информатика мұғалімдерін және ІТ-мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының әріптестері Гайнеш Гумаровна мен Айгуль Бақтығалиқызына берілді. Сонау кездегі бірге өткізген қызыққа толы кездерін тағатсыздана айтып, еске алып, бір марқайып қалған тұстары керемет сезімге толы болды.
Қорытынды сөз кезегі ортаға кафедрамыздың меңгерушісі Хамзина Ақмарал Абилхаировнаға сөз кезегі берілді. Оның үстіне гитарамен сүйемелдеп БҚУ студенті Маратұлы Ерасыл айтқан «Бозторғай Ана» әні кешімізді нұрландыра түсті.
Осымен, керемет жүрек жарды тілектермен Майра Тулегенқызының мерейтойына арналған салтанатты құттықтау кеші өз мәресіне жетті.
Информатика мұғалімдерін және ІТ-мамандарын дайындау БББ