04.04.2023 жылы 3 курс студенттеріне «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дәріс оқылды. Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады. Дәрістің мақсаты аурудың алдын алу. Қазіргі өршіп тұрған жұқпалы аурулардан (қызылша, туберкулез және т.б.) сақ болу. Үнемі тазалыққа, жеке басының гигиенасына жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.
Информатика кафедрасы