«ҒЫЛЫМ ШЫҢЫ – АРМАНЫМ!»

07.03.2023ж күні 6В06102 Ақпараттық жүйелер БББ ис-21 тобының кураторы З.М.Химеденованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы құрылған жоспардың кестесіне сәйкес  «Ғылым шыңы – арманым!» тақырыбында кураторлық сағат оздырылды. Кураторлық сағат білім  саласында өзіндік орны бар, ғылым көгінде самғап жүрген  информатика кафедрасының доценті,  п.ғ.к. Медешова  Айгүл  Бақтығалиқызын топ студенттерімен таныстырып, дәріптеу мақсатын көздеді. Кездесу сұхбаттасу форматында өткізілді.

«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі-өнеге, білім-тәрбие беретін ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстазымыздың бірі де бірегейі – Айгүл Бақтығалиқызы білімге жетелеп бақытқа бөленген жандар туралы, білім үйрету кезінде оқытушы нені мақсат етіп, нені өзіне міндеттеуі қажет?, қазіргі уақытта студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынас сыйластыққа көңіліңіз тола ма?,ізденіс жолыңызды әдебиеттермен қаншалықты байланыстырасыз және ғылым жолындағы өз шыңыңыз қандай деңгейде?, ұстаз өз жұмысының жемісі болатын шәкірттерді тәрбиелеуде, оны жеңістерге жеткізу үшін қаншалықты жұмыстанып, еңбек етуі керек деп ойлайсыз?- деген сұрақтар төңірегінде өз ойымен бөлісті. Топ студенті Рахметуллина Жанелла ойын ойнатып қонағымызға  жақсы көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар Айгүл Бақтығалиқызы да студент кітаптарымен, еңбектерімен  таныстырып, өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісті. Студенттер кездесуден жақсы әсер алып, Айгүл Бақтығалиқызын мерекемен құттықтап алғыстарын жаудырды.