2022 жылдың 15 қараша күні Информатика кафедрасында 3 курс студенттері дайындаған «Менің құқығым, менің міндетім» атты кураторлық сағат өткізілді. Шараға кафедрамыздың оқытушылары Торғын Мендигуловна, Гульжихан Абулхановна және факультетіміздің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жанна Сагинтаевна және «Құқықтану пәндер» кафедрасының оқытушысы, 30 жыл жұмыс өкілі бар, отставкаға шыққан полковник Қазиев Тайман Исмагулович қатысты.
Кураторлық сағатты топ кураторы, оқытушы, магистр Насырова Б.С. дайындаған шағын баяндамамен бастады. Баяндама барысында студенттер педагогикалық информатика, инженер-технолог саласында оқығанымен әркім өз құқықтары мен міндеттерін білу керек деген сөздермен басталды. Баяндамада құқық, Конституция, конвенсия, азамат, жеке тұлға сияқты ұғымдарға тоқталып өтті. Баяндама соңында адам құқығы дегеніміз не? Өз құқығынды білесің ба? сұрақтарды тереңірек талқылады.
Шара әрі қарай жалғасты келесі сөз кезегі келген құрметті қонағымызға берілді. Адамның негiзгi құқығы мен бастандығын тану және оны сақтай бiлу-ол, әр мемлекетте және бүкiл әлемдiк шеңберде қаупсiздiк пен бiрқалыпша тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Конституцияда, мемлекеттiң негiзгi заңдарында және халықаралық нормаларда адамның негiзгi iргелi құқықтары және бостандықтары бекiтiлген. ҚР Конституциясының II-Бөлiмiнде: “Адам және азамат” 10-баптан бастап 39-бапқа дейiн адамның және ҚР заматтарынынң құқытары туралы толық айтылған. “ҚР Азаматтығы туралы” ҚР Заңы.,11.07.2017ж., I-тараудың, 1-бабында “Азамат және мемлекет” адам құқығын сақтау туралы айтылған. Онда мемлекет органдары және оның лауазымды тұлғалары азаматтардың алдында жауапты екенi және республика азаматарының ҚР алдында жауапты екенi айтылған. Адам мiндеттi түрде белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болуы керек деген сөздермен бастаған Тайман Исмагулович өз тәжірибесінде кездесетін жастар арасында бұзақылық, ішімдікке салыну жағдайларының алдын ала шараларын айта кетті. Заң тұрғысынан көрсетілген барлық ақпараттарды оқып әркім өз құқығын білуге, өз өзін заң алдында қорғауға, заң барлық адамға тең берілетіндіктен заңға бағынуға шақырды. Алда келе жатырған сайлауға байланысты ақпараттар беріліп, дауыс беру әр адамзаттың, әр ҚР-ның азамат/азаматшаның міндеті екенін шегелеп айтты.
Топ студенттеріміздің арасында Әскери кафедрада білім алып отырған студенттеріміз де бар болатын. Келесі сөз кезегін сол студенттерімізге берілді. ИС-31 топ студенті Хайрашев Данияр (1-2 минут баяндама), ВТиПО-31 топ студенттері Мэлс Нурдаулет және Тілеуғазы Батырхан (1-2 минут баяндама), И-31 топ студенті Жолдасбеков Нурдаулет (1-2 минут баяндама) Студенттерде қалыс қалған жоқ өз ойларымен бөлісіп, ортаға мағыналы, терең ой салатын, қажет ақпараттарды өздеріне сіңіре алды.
Кураторлық сағатты факультетіміздің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Иксебаева Жанна Сагинтаевнаға сөз беріліп, алда болатын сайлауға жүз пайыз қатысуға және студенттер өз құқық, міндеттеріңізді біліп жүруге шақырды.
Кураторлық сағат сәтті аяқталды.
Информатика кафедрасы