2021 жылдың оқу жоспары бойынша сәуір-мамыр айлары салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 1 курс студенттеріне сенбіліктер ұйымдастыру керек болатын. Сол мақсатта Информатика кафедрасының техникалық мамандықтар бойынша ИС-11, ИС-12, ВТиПО-11, ВТиПО-11-1 топ студенттері сенбілікке шықты. Сенбілікке қазақ, орыс топтарын қосқанда шамамен 45-тен аса студент қатынасты. Барлығы бір үйдің балалары секілді ат салысты. Сонымен қатар сенбілікке топ кураторы Булбул Сагингалиевна мен тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Амандық Алпамысовна қатынасты. Бізге берілген аймақ №8 ғимараттың айналасы және Е. Пугачева көшелері болды. Барлығы сенбіліктің соңына дейін жүрді. Студенттер белсенділік танытты.