«Қашықтан оқытуда бейне материалдарды қолдану әдістемесі» тақырыбы бойынша онлайн форматта өткен семинар

2021- жылдың  ақпан  айының 10- күні  «Қашықтан оқытуда бейне материалдарды қолдану әдістемесі»  тақырыбында Информатика кафедрасының ғылыми- әдістемелік семинарының кезекті отырысы өтті.  Семинарды кафедраның аға оқытушысы, магистр Маннапова Т.М. өткізді. Семинар мақсаты болып  қашықтан оқытуда бейне материалдарды қолдану тәжірибесімен бөлісу   саналды.  

Семинарды жүргізуші Маннапова Т.М. бүкіл дүние жүзіндегі орын алған жағдайға байланысты вебинарлар, бейне сабақтар, тренажерлер  сияқты  оқытудың жаңа перспективті формалары пайда болғанын айта келіп, бейне сабаққа тоқталды.  Ол бейне сабақты жазудың 2 жолын көрсетіп,  бейне сабақты университетте оқытылатын сабақтардың басқа түрлерімен салыстырып, олардың студенттер мен оқытушылар үшін пайдалы жақтары мен кемшіліктерін салыстырмалы түрде қарастырды.  Бейне сабақты дайындау үшін қолданылатын қосымшаларға тоқталып, YouTube арнасына жүктелген бейне сабақтарды қолданудың артықшылықтарын атап көрсетті. YouTube-ке жүктелген бейне сабақтар арқылы оқыту технологиясының маңызды артықшылығының бірі оларға түсініктеме беру мүмкіндігінің бар болуы, яғни студенттердің кез келген уақытта бейне сабақты көргеннен кейін туындаған мәселелер бойынша оқытушымен кеңесе алатынына тоқталды. Бейне сабақтар арқылы оқытудың практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, ЖОО - да бейне сабақтар түрінде оқуға көшу оқытудың басқа түрлері-вебинарлар мен аудиториядағы тақтада дәріс оқу тиімділігінен асып түсетінін атап өтті.

Сонан соң, семинарды жүргізуші М. Өтемісов атындағы БҚУ білім беру порталына кіріп, жүктеген бейне материалдарына шолу жасап,  «Java бағдарламалау тілі»  пәнінен бейне дәрістерді демонстрациялады.

Семинар соңында семинарға қатысушылар қашықтан оқытуда бейне материалдарды қолдану бойынша өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен  бөлісті.

 

Информатика  кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинар жетекшісі: Мухамбетова Ғ.Г.