«Қашықтан оқыту модельдері» шеберлік класы
2020- жылдың қазан айының 14- күні Информатика кафедрасында
“Қашықтан оқыту модельдері” тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік семинарының кезекті отырысы өткізілді. Семинар отырысы шеберлік класы формасында Zoom платформасында онлайн өткізілді. Оны кафедра доценті, п.ғ.к. Медешова А.Б. жүргізді. Семинар мақсаты болып қазіргі заман талабына сай студенттерді қашықтан оқытуда қолданылып жүрген әртүрлі платформалар мен педагогикалық әдіс- тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу саналды.
Айгүл Бақтығалиқызы семинар барысында қашықтан оқытудың мәселелері және оны шешудің жолдары жайында теориялық түрде тоқтала келіп, өз тәжірибесінде қолданылып жүрген әртүрлі педагогикалық инновациялық әдістер жайында материалдарды презентация арқылы баяндады. Сонан соң, қашықтан оқытуда қолданылып жүрген көптеген заманауи платформалар мен қосымшалардың жұмысымен көрнекі түрде таныстырды.
Атап айтатын болсақ:
- Google Classroom – Google компаниясының қашықтан оқытуды жүзеге асыратын интерактивті платформасы.
- LearnningАpps– әр түрлі деңгейдегі интерактивті тапсырмаларды құруға арналған қосымша.
- Emaze– бұлттық технологиялар негізінде онлайн-презентация жасау және оны Интернет желісіне жүктеу қосымшасы.
- Mindomo– ментальды карта жасау қызметінің қосымшасы т.б.
Семинар соңында студент білімін бағалауды жүзеге асыратын онлайн тест жасаудың Master-test және App.onlinetestpad қосымшаларында жұмыс жасау демонстрацияланып, тәжірибемен бөлісу жүзеге асырылды.
Кафедра оқытушылары арасында өткізілген мұндай өзекті тақырыптағы, мол тәжірибемен жинақталған шеберлік кластарының студенттерге қашықтан білім беру ісінде әріптестеріне әдістемелік көмегі мол болары сөзсіз.
Информатика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинар жетекшісі: Мухамбетова Ғ.Г.