М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 1 курс студенттері арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының
онлайн дәрісі
Бүгін діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының онлайн дәріс өтті. Дәріске М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 1 курс студенттері және информатика кафедрасының 1-курс топ кураторы Насырова Булбул Сагингалиевна қатынасты. Дәрісті Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н.Убаев оқыды. Дәріс өте пайдалы, әсерлі болды. Қазіргі жастарды жаман жолға түсіп кетпеу үшін 3 нәрсені ашып айтты. Олар дін жолына жүргізі келетін адамдарды тек дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу, діни кітаптарды алған кезде тексерілген туралы ақпарат болуы. Сонымен қатар дәріске ИС-11, ВТиПО-11, И-11, И-11-1, ИС/у-13, ВТиПО-11-1 топ студенттері онлайн қатынасып отырды.Төмендегі студенттер өз ойларымен бөлісті.
Информатика кафедрасының И-11 топ студенті Сағидолла Туғанай:
-Бүгінгі БҚУ студенттері, нақтылап айтсақ бірінші курс студенттері үшін өткізілген шара мазмұны: қазіргі заманғы діни ахуал болды.Әрине,біз дербес мемлекетте өмір сүріп жаткандықтан дін туралы ойларымыз әр түрлі. Әркім өз түсінігі бойынша әрекет етеді. Бірақ бүгін болған шарадагы теолог маман берген ақпарат арқылы, студенттер өз түсініктерін жақсартып, толықтыра алды деп ойлаймын. Себебі, теолог маманымыз бір жақты ғана емес, әлемдегі ахуалды жалпыға ала отырып, баршамызға түсінікті бола алатындай тілде баяндап берді. Қандай ұсақ нәрсе болса да, кішкене ғана ағаттығымыз болашағымыз үшін үлкен кінәрәт бола алатынын айқындап көрсетті. Біз болашағымыз үшін алаңдаушылық білдіріп, біздің дінге көзкарасымызды нақтылап беру үшін ұйымдастырылған бұл шараға алғысым шексіз.
И-11 топ студенті Сапарғалиева Виктория:
-Бүгінгі теологпен кездесу барысында дәрісті тыңдай отыра көптеген студенттер діни сауаттылығымызды кеңейте алдық деп ойлаймын. Себебі, теолог маман өзге діни ағымдардың басты фишкаларын ашып түсіндірді. Солардың бірі яғни кері дәстүрді ұстанбау және оған қалай солай қарау. Осындай маңызды делінген ақпараттар айтылған болатын.
Топ кураторы:Насырова Б.С.