«Таза Қазақстан – таза болашақ»: студенттер экологиялық акцияға қатысты

2026 жылғы 30 қыркүйекте КТиИИ-13 тобының студенттері «Таза Қазақстан – таза болашақ» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акция барысында студенттер Жайық өзені жағалауын қоқыстан тазалап, табиғи аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға және оның көркеюіне өз үлестерін қосты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды насихаттау және туған өлкенің тазалығын сақтауға деген жауапкершілікті арттыру.

Студенттердің белсенді қатысуы табиғатты қорғау мәселелеріне бейжай қарамаудың және қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай экологиялық бастамалар жастарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласуға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға үндейді.