2026 жылғы 13 наурызда физика-математика факультетінде «Оқытудағы инновациялар: жасанды интеллект пен цифрлық ресурстар арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы әдістемелік айлық аясында танымдық әрі қызықты «Brain Battle – үздіктер додасы» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Аталған шараны Информатика мұғалімдерін және IT мамандарын даярлау білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Хамзина А.А., Иксебаева Ж.С. және Муратова Ж.С. өткізді. Сайысқа білім беру бағдарламасының 1, 2 және 3 курс студенттері қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.
Интеллектуалды сайыс бес турдан тұрды:
- Brain Hack (Логикалық сұрақтар)
- Think Fast (Бұл раундта командаларға қызықты және жылдам ойлануды талап ететін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі)
- Emoji Quiz: Мақалды тап
- Visual Logic / Picture Puzzle (Суреттер арқылы логикалық есептерді шығару)
- Team Strategy (Стартап жобасын қорғау)
Әр кезеңде студенттер белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығы мен білім деңгейін көрсетті. Әсіресе логикалық тапсырмалар мен стартап жобаларын қорғау кезеңі қатысушылардың шығармашылық ойлауын, жылдам шешім қабылдау қабілетін және командалық жұмысын айқындады.
Сайыс барысында студенттер арасында достық бәсекелестік қалыптасып, білім мен интеллект сайысы жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен, сертификаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл интеллектуалды сайыс студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік берді.








