10.03.2026ж күні «Оқытудағы инновациялар: жасанды интеллект пен цифрлық ресурстар арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы әдістемелік айлық жоспары аясында иформатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының оқытушысы З.М.Химеденова «Инновациялық жобалар: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорғау» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Инновациялық жобалар барысында 6В01518 Информатика-робототехника білім беру бағдарламасының ИР-31 және ИР-31-1 топ студенттері «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша дайындаған жобаларын қорғады. Студенттер өз жұмыстарында информатика пәнін оқытуда инновациялық әдістерді, цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивті платформаларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданудың тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, сабақта қолдануға болатын практикалық тапсырмалар, цифрлық материалдар көрсетілді.
Жобаларды қорғау барысында студенттер өз зерттеу жұмыстарының өзектілігін, мақсат-міндеттерін, қолданылған әдістерін, алынған нәтижелерін және олардың білім беру үдерісіндегі маңыздылығын таныстырды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз жобаларының практикалық құндылығын дәлелдеді.
Инновациялық жобалар студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық тәжірибеде инновациялық технологияларды қолданудың жаңа идеялары мен ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде студенттер өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғау арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіріп, болашақ мұғалім ретінде заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрсетті.




