«Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

       2025 жылдың 20 қарашасында «Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту, талантты жастарды қолдау және ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми қызметке қызығушылығын арттыру болды.

Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:

       1. Информатика және робототехника

       2. Ақпараттық технологиялар

Байқау барысында қатысушылар IT-саладағы және цифрлық технологиялар бағытындағы заманауи үрдістерді қамтитын ғылыми жобалар, бағдарламалық әзірлемелер және практикалық зерттеулерін ұсынды. Жалпы байқауға 18 студент қатысып, 12 ғылыми жұмыс таныстырылды. Комиссия мүшелері студенттердің жоғары дайындық деңгейін, зерттеу тақырыбының өзектілігін және жобалардың практикалық маңызын атап өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, ал басқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Байқау нәтижесі төмендегідей:

«Информатика және робототехника» бағыты

1-орын – Synaqmaker: Локальный тестировщик, Акбулатов Дулат, 4 курс, ОП 6В01506 «Информатика», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Акимова С.М.

2-орын – Jective – цифровая платформа для развития и продвижения проектов, Даупаев Алишер, 3 курс, ОП 6В01518 «Информатика және робототехника»
және Дияров Серікбол, 2 курс, ОП 6В06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Хамзина А.А.

3-орын – InforMax – студенттер мен оқытушыларға арналған оқу үдерісін жеңілдететін жүйе, Иманғазиева Назерке және Багымова Жазира, 4 курс, ОП 6В01518 «Информатика және робототехника», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С.

3-орын – PoboHub – оқушылар мен мұғалімдерге робототехниканы онлайн үйренуге арналған платформа, Адилханова Айсезім және Мендешқызы Нұрбақыт, 4 курс, ОП 6В01518 «Информатика және робототехника», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С.

«Ақпараттық технологиялар» бағыты

1-орын – Махамбет университеті студенттеріне арналған бағыттаушы чат-бот әзірлеу, Машакаев Рамир және Шынболатов Мағжан, 4 курс, ОП 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С.

2-орын – VisioBot – интеллектуальный бот для анализа изображений, Канатова Альбина, 3 курс, ОП 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Муратова Ж.М.

3-орын – Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу және бақылау жүйесі, Курманғалиева Айгерім, 4 курс, ОП 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С.

Бұл шара информатика және ақпараттық технологиялар саласында білім алып жатқан болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және зерттеушілік қызметті насихаттауға арналған маңызды алаң болды.