«MIT APP INVENTOR ОРТАСЫНДА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ЖАСАУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТРЕНИНГ

     05.11.2025ж. информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау білім беру бағдарламасы  ғылыми әдістемелік семинарының жоспарына сәйкес  «Mit App Inventor ортасында мобильді қосымша жасау»  тақырыбында тренинг өткізілді.  Тренингке №51 ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі, магистр  С.Г.Алипбаева шақырылды. Мобильді қосымша жасаудың жаңа платформасы негізінде тәжірибемен  бөлісу семинар тренингтің мақсаты бып есептелді. Тренингке информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау БББ оқытушылары және информатика БББ-ның  И-41 тобының студенттері қатысты.

Алдымен семинарды өткізуші С.Г.Алипбаева қатысушыларды біріктіріп, ашық қарым-қатынас орнату мақсатында «Бір сөз – бір қосымша» атты тренинг өткізумен бастады. Тренинг барысында жүргізуші кезекпен бір сөз айтады (мысалы, «білім», «демалыс», «уақыт», «сабақ»). Қатысушы сол сөзге байланысты мобильді қосымша атауын айтып, неге солай таңдағанын қысқаша түсіндірді. Сонан соң Mit App Inventor-дың бағдарламалау тәжірибесі аз пайдаланушыларға арналған, Google компаниясы мен кейін Массачусетс технологиялық институты (MIT) бірлесіп жасаған тегін визуалды (блоктық) бағдарламалау платформасы екендігіне, ол арқылы код жазбай-ақ Android жүйесіне арналған мобильді қосымшаларды оңай жасауға болатынына тоқталып өтті. Платформада жұмыс жасау ерекшелігі айтылып, оны іске қосу және платформаның экрандық интерфейс элементтері интерактивті тақта арқылы демонстрацияланды.

Семинардың практикалық бөлімінде оған қатысушылар  Mit App Inventor платформасында мобильді қосымша жасады. Мобильді қосымшаның интерфейстік бөлімін құрастырып, оның блоктық бөлігін орындап, командалар жазды. Соңында ұялы телефон  көмегімен дайын болған мобильді қосымшаны ашуды жүзеге асырды.

Семинар тренингті ұйымдастырушы С.Г.Алипбаеваға қатысушылар білім қоржынының жаңа әдіспен  толыға түскенін айтып, ризашылықтарын білдіріп  тарқасты.

информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның  ҒӘС жетекшісі:

Мухамбетова Ғ.Г.