«Жасанды интеллект әлеміне алғашқы қадам: күрделіні оңай түсіндіру» тақырыбы бойынша шеберлік класы

Физика-математика факультетінің “Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы  мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер" атты әдістемелік айлығы аясында информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның аға оқытушылары Ғ.Г. Мухамбетова мен Ж.М. Муратованың ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект әлеміне алғашқы қадам: күрделіні оңай түсіндіру» тақырыбы бойынша шеберлік класы өткізілді. Шеберлік сабағына информатика БББ-ның 2021ж. түлегі Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Мектеп-лицейі» КММ информатика пәні мұғалімі Мендешұлы Жандос шақырылып, БББ оқытушылары және И-41 тобының студенттері қатысты. Ең алдымен білім беру үдерісінде жасанды интеллектті сауатты қолданудың алгоритмі; жасанды интеллекттің мүмкіндіктері; оны қолданып сабақ берудің артықшылықтары тақырыптары бойынша миға шабуыл сұрақтары талқыланды.

Сонан соң Мендешұлы Ж. генеративті жасанды интеллектінің бірнеше түрін қарастырып, соның ішінде мәтін, сурет, аудио, ән, видео, презентацияны генерациялайтын Copilot, Leonardo, Сleanup, Gamma, Suno, Pika, Emaze, Canva, Pixton, Pixel, Magic school, Quizly, Diffit сияқты нейрожелілерде жасалған практикалық жұмыстар нәтижесін көрсетті.

Шараға қатысқан студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып,  ЖИ бойынша өз  білімдерін кеңейтіп, педагогикалық қоржындарын түрлі ЖИ платформалармен толтырғанын айтып, келген қонаққа ризашылықтарын білдірді.