«Цифрлық инновациялар: ақпараттық технологиялар әлемі» атты дөңгелек үстелі

26.11.2024 ж. күні  «Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы  мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер» атты физика-математика факультетінің әдістемелік айлығы аясында 6В06102 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен «Цифрлық инновациялар: ақпараттық технологиялар әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ә.ғ.к., аға оқытушы Абулкасова Д.Б., аға оқытушы, магистрлер Иксебаева Ж.С. және Муратова Ж.М. ұйымдастырды. Шараға Jaiyqdev ІТ компаниясының full stack & mobile developer маманы Ғазеззов Б.Т., Jaiq Hub IT хабының директоры Ташим О.М. қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи цифрлық инновацияларды талқылау және студенттердің кәсіби бағыттағы білімін кеңейту болды.

Кездесу барысында мынандай тақырыптар қарастырылды:

Деректер қауіпсіздігі: Ақпараттық жүйелердегі деректерді қорғау әдістері, киберқауіпсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары.

Жасанды интеллект: AI технологияларының даму үрдістері мен олардың әртүрлі салалардағы қолдану мүмкіндіктері.

Бұлтты технологиялар: Бизнес пен білім берудегі бұлттық шешімдердің артықшылықтары мен болашағы.

Келген қонақтар студенттермен IT саласындағы заманауи технологиялық үрдістер туралы тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби дамуға арналған практикалық кеңестер берді.

Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер цифрлық технологиялар саласындағы жаңа бағыттар туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Әсіресе, IT саласында табысты мансап құру жолдары, стартап жобаларды жүзеге асыру және инновациялық шешімдерді қолдану туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел студенттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, IT саласында кәсіби дамуға деген ынтасын күшейтті.