«МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының оқытушысы З.М.Химеденова И-41 тобына «Менің әлемім» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Кураторлық сағат  тренингпен басталып, «Дәлелде», «Саққұлақ», «Біздің шешім», «Бір әуен аясында», «Мақал-мәтел», «Әріптер сөйлейді», «Шебер қолдар» бөлімдеріне ұласты. Топ студенттері өздерінің ой ұшқырлығымен, белсенділігімен, сыни ойларымен, тапқырлықтарымен, қолдарының икемділігімен бір-бірінен ерекшелене түсті. «Дәлелде» бөлімінде студенттер «Өмірде болған», «Менің түйгенім», «Менің білетінім, білмейтінім», «Бұйырған» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салды. «Саққұлақ» бөлімінде құлаққап киген студент әуенді тыңдап тұрып өзіне жасырылған сөздерді тапты. «Біздің шешімде» күрмеулі ленталарды шешсе, «Әріптер сөйлейді» бөлімінде студенттер өзіне берілген әріп бойынша сұрақтарға жауап берген болатын. Сонымен қатар сурет бойынша мақалдарды тауып, бір әуеннің аясында студенттер «Армансыз күнім болмайды» әнін шырқады. Риза болған студенттер оқытушыға қызықты кураторлық сағат үшін өз алғыстарын білдірді.