Физика-математика факультетінде әдістемелік айлық шеңберінде 1С-Кәсіпорын жүйесіндегі конфигурация негіздері пәні бойынша «Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу әдісі» - тақырыбында ашық практикалық сабақ.
Өткізген: Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы, т.ғ.м.,DBA. Ж.Ж.Багисов
Өткізілген топ: ИС-41(1) Ақпараттық жүйелер мамандығы
Сабақтың мақсаты: Еңбекақы,оның түрлерін,компанияларда қолданылатын еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерін,еңбекақы төлеу қағидаларын қарастыру және құжаттарды рәсімдеу
1С: Бухгалтерия — бұл кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті жүргізуге арналған жүйе, оның ішінде еңбек ақы төлеу, салықтық есептеу және басқа да қаржылық операцияларды автоматтандыруға арналған құралдар бар. Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу 1С бағдарламасында көптеген компоненттер мен функцияларды қамтиды, олардың ішінде жалақының есептелуі, салықтардың аударылуы, әлеуметтік төлемдер мен басқа да міндетті жарналар қарастырылады.
Қарастырылған сұрақтар (Сұрақ-жауап әдісі):
- Кадрлық есеп құжаттармен рәсімделеді
- Еңбекақы және оның түрлері
- Еңбекақының негізгі қызметтері
- ҚР еңбекке ақы төлеуді салықтық реттеу
- Мерзімді еңбекке ақы төлеу нысандары
Сабақ барысында топтық жұмыс «Фирма» ойыны ойналды, студенттер екі топқа бөлініп, іштерінен: кадр басшысы, бас бухгалтер, есеп бухгалтері, менеджер және кассир лауазымдарына тағайындап алып өз қызметтеріне байланысты құжаттарды толтырды. Ары қарай толтырылған құжаттарының дұрыстығын түсіндіру үшін жұмыстарын қорғады.
Сабақтың келесі кезеңінде студенттер жеке жұмыс атқарды, яғни жеке компьютерлерге отырып қалған құжаттарын толтырды.
Студенттердің 1С-бағдарламасында орындаған практикалық тапсырмалары:
Құжат толтырылған соң міндетті түрде салық нәтижелерін есептеу қажет, ол үшін «Есептеу» кнопкасы арналған.
Табыс саналған мерзім бойынша есептелген салықтарды, жарналарды және аударымдарды тарату қағидасы бағдарламаның кескінінде бекітілген.
Еңбекақыны есептеу, салықтарды және басқадай аударымдарды ұстап қалу бойынша құжаттар бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша өткізбелерді құрастырмайды. Еібекақының есебін шоттарда көрсету үшін учета необходимо заполнить документ Регламенттік есепте ееңбекақыны көрсету құжатын толтыру керек Еңбекақы мәзірі → Еңбекақының бухгалтерлік есебі → Регламенттік есепте еңбекақыны көрсету
Сабақты қорытындылау мақсатында “Padlet” бағдарламасында онлайн әдісімен студенттердің сабақ барысында не түсінгендіктері мен ойларын және өздерін нешеге бағалайтындығын, неге? – деген сұраққа пікірлерін жазып кері байланыс орнатылды.
Сабақ өз мақсатына жетті, топ студенттері өздерінің қаржылық сауаттылықтарын тағы да тереңдеткендерін айтты.
Сабаққа Физика-математика факултетінің деканы- Д.Б.Абулкасова, Информатика мұғалімдері мен IT-мамандарын дайындау БББ басшысы- А.А.Хамзина, Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялар бөлімінің әдіскері – Л.Д.Ермекбаева сабақ бойынша оң бағаларын берді.