15.10.2026 күні Физ(IP)-11 тобының студенттерімен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы кураторлық сағатымыз өтті. Біз болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби траекториясын сызып, мамандық айналасындағы стереотиптерді логикалық анализ арқылы жоққа шығардық, сондай-ақ жинақтаған потенциалдық білімді кинетикалық мүмкіндіктер мен табысқа айналдыру тетіктерін талқыладық. Шара соңында студенттер өздерінің төрт жылдан кейінгі мақсаттарын қағазға түсіріп, оны ұшақ түрінде кеңістікке ұшыру арқылы болашаққа бағытталған нақты векторларын бекітті. Қозғалысты тоқтатпаңыздар, жас әріптестер!
Куратор: Мажидуллин Н. Г

