Физика - математика факультеті – әскери - патриоттық жобаның жеңімпазы!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті ұйымдастыруымен студент жастар арасында «Әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие» жобасы жоғары деңгейде өткізілді.

Аталған жобаның басты мақсаты – университет студенттеріне әскери-патриоттық тәрбие беру, жастар бойында азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ әскери іске деген қызығушылықты арттыру.

Жоба аясында қатысушылар 7 аталым бойынша өзара бақ сынасты:

- кермеге тартылу;

- қол күресі;

- гір тасын көтеру;

- арқан тартыс;

- садақ ату;

- автомат шашып-жинау;

- пневматикалық автомат ату.

Сайыс нәтижесінде Физика-математика факультеті жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынға ие болды.

Жекелей және командалық аталымдар бойынша қол жеткізілген нәтижелер:

- Кермеге тартылу – І орын;

- Қол күресі (70 кг дейінгі салмақ дәрежесі) – І орын;

- Қол күресі (70 кг жоғары салмақ дәрежесі) – ІІ орын;

- Арқан тартыс – ІІІ орын;

- Садақ ату – І орын;

- Пневматикалық автомат ату – ІІ орын;

- Автомат шашып-жинау – І орын.

Факультет студенттерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Осындай іс-шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!