«Brain Quest» интеллектуалды ойыны

   2026 жылдың 11 наурыз күні Физика-математика факультетінің Физика және Физика-Информатика білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арасында «Brain Quest» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылып өткізілді.

   Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, білім деңгейін арттыру, жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және командалық жұмыс мәдениетін нығайту болды. Сонымен қатар, ойын барысында студенттердің әртүрлі саладағы білімдерін тексеру және олардың танымдық белсенділігін арттыру көзделді.

  Интеллектуалды ойын 5 турдан тұрды және әр тур әртүрлі бағыттағы тапсырмаларды қамтыды. Әр тур студенттердің білімін, тапқырлығын, зейінін және шығармашылық ойлау қабілетін сынайтын форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар берілген уақыт ішінде сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасып, командалық бірліктің маңыздылығын көрсетті.

   Іс-шара соңында ең жоғары ұпай жинаған командалар анықталып, белсенділік танытқан студенттерге алғыс білдіріліп, ойын жоғары деңгейде қорытындыланды.