Академиялық ұтқырлық аясындағы дәрістер

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2026 жылғы 02–07 наурыз аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика және математика факультетінде офлайн дәрістер өткізілді.

Аталған бағдарлама аясында Ш. Есенов атындағы университеттің «Іргелі ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Гүлмира Нагимовна Нигметова студенттерге  математика пәні бойынша дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушылар мен білім алушылар арасындағы тәжірибе алмасуды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бұл шара студенттердің кәсіби білімін тереңдетіп, оқу үдерісінің мазмұнын байытуға, сондай-ақ физика мен математика салаларындағы теориялық және практикалық дайындықтарын жетілдіруге ықпал етті.