«Оқытудағы инновациялар: жасанды интеллект пен цифрлық ресурстар арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы әдістемелік айлық аясында 1–2 курс студенттері арасында Математика пәнінен олимпиада өткізілді.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:
26.02.2026 ж. – І кезең
02.03.2026 ж. – ІІ кезең
Бұл білім сайысының басты мақсаты – студенттердің математикалық білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми ізденіске баулу және дарынды студенттерді анықтау.
Олимпиада барысында қатысушылар күрделі есептерді шешіп, өздерінің білім деңгейін, тапқырлығы мен математикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Іріктеу кезеңінен жоғары нәтиже көрсеткен үздік студенттер XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға жолдама алып, оқу орнының намысын қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!
Жас математиктерге алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Математика пәнінен олимпиада
Математика мен физика мұғалімдерін дайындау БББ

