Құқықбұзушылықтың алдын алу: деректі фильмдер арқылы профилактикалық іс-шара

2026 жылдың 3 ақпан күні физика-математика факультетінде студенттер арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында «Закладчики. Расплата» және «Закладчики. Мать» деректі фильмдерін көрсету ұйымдастырылды. Аталған іс-шара тәрбие жұмысы аясында өткізілді және оған факультеттің 170 студенті қамтылды.

Фильмдерде жастардың жеңіл табысқа ұмтылуының соңы ауыр құқықтық және әлеуметтік салдарға әкелетіні, есірткі қылмысының адам тағдырына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны нақты өмірлік мысалдар арқылы көрсетілді.

Көрсетілім барысында студенттерге заң талаптары, жеке жауапкершілік, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара студенттердің құқықтық санасын арттыруға, жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталды.