Білім шыңын бағындырған мақтанышымыз!

24–25 сәуір күндері Марғұлан университетінде "Физика пәні мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның әр өңірінен келген 12 команда қатысты. Пәндік олимпиада дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал етеді. Жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандырады. Теориялық және эксперименттік турлар нәтижесі бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жеке біріншілік жеңімпаздары бірінші (теориялық) тур қорытындысы бойынша анықталды. Командалық орындар екі тур қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы ұпайлары негізінде есептелді.

Жеке біріншіліктің қорытындылары:

1-орын — Сайлаубай Жалғас Серікұлы (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті)

Командалық есеп нәтижесі:

2-орын — М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

УНИВЕРСИТЕТ АТЫНАН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!