«Математикалық тартыс» командалық олимпиадасы

2025 жылдың 2-6 сәуір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде болатын 6В01501-Математика және 6В05401-Математика білім беру бағдарлама бағыты бойынша профессор Марат Ахмет атындағы ІІ аймақтық студенттер арасындағы «Математикалық тартыс» (Математический бой) командалық олимпиадасы оздырылды. Олимпиадаға еліміздің 6 ЖОО командалары қатысты.

Олар: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университет, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.

 Олимпиадаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен физика-математика факультетінің МФ-41 топ студенті Утепқалиев Бекнұр Қазбекұлы, МФ-31 топ студенті Қазкеев Денис Рахымжанұлы,  МФ-21 топ студенті Махсотов Мурагер Махсотович,  М-31 топ студенті Шайдуллина Диана Еркиновна қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6 команданың ішінен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен құралған команда 2-орынға ие болды.

УНИВЕРСИТЕТ АТЫНАН ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРЫМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!