М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Физика-математика факультетінде «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» жобасы аясында «Дәстүрлі ас-рухани қазына» атты шарасы өтті.Ұлттық құндылық – тәрбиенің түп қазығы. Ол жас ұрпақтың бойында туған халқының тарихи байлығын, мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын терең түсініп, қадірлеуге ұмтылысын оятады. Дәстүрлі ас халықтың мәдениетінің бөлігі болып табылады. Бұл ас мәзірлері ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары таныстырылып, оның шығу тарихы және дайындалу әдісі, сонымен қатар ұлттық би, күй және ән ұйымдастырылды. Одан әрі мәдени құндылықтарға қызықтыру мақсатында қонақтарға сұрақтар қойылды. Шараны қорытындылай келе, дәстүрлі мәдениетімізді насихаттап, тағамдар арқылы халықтың тарихы мен мәдениетін таныстыруға бағытталған.
Дәстүрлі ас–біздің рухани қазынамыз, ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысын,мәдениетін,әлемге деген көзқарасын бейнелейтін маңызды мұра.