22 қараша күні аға оқытушы Есенгалиева А.Н. 2-курс магистранттарымен бірлесе отырып, «Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты әдістемелік айлығы аясында «IQ space» атты интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды. Мақсаты математикалық және физикалық білімді шығармашылық, логикалық ойлау және жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешуді көздейді. Қатысушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, математика мен физика ғылымдарын қоршаған орта мәселелерін шешуде қолдануды үйрету, ойын арқылы қатысушылардың шығармашылық және логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру арқылы ойын студенттердің командалық жұмыс қабілетін дамыта отырып, өз мәресіне жетті.