«Oilike» интеллектуалдық сайыс

«Oilike» интеллектуалдық сайысы 2 курс студенттері арасында ұйымдастырылып, Математика және Физика бағытындағы ФиIP-21 тобын қамтыды. Шараның жауаптылары аға оқытушы, магистр Есенгалиева А.Н. және 7М01504 Физика білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары: Карапшиев Б.Е., Кадерова Д.С., Досмуханбет А. болды. Сайыс №1 оқу ғимаратының 304 аудиториясында өтті.

Сайысқа қатысушы топтар:

  • «Фиксики»
  • «Арландар»
  • «Тауасар»

Кезеңдер:

  1. Сұрақ-жауап
    Бұл кезеңде қатысушыларға 10 түрлі сұрақ қойылып, жауаптарын жазуға 1 минут уақыт берілді. Әр сұраққа 10 балл берілді.
  2. Көзқарас
    Студенттерге танымал тұлғалардың пікірлері ұсынылды. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл тағайындалды.
  3. Сурет сөйлейді
    Қатысушыларға екі сурет беріліп, олардың мағынасын біріктіріп, бір атау табу қажет болды (мысалы, қала, аймақ, адам аты).
  4. Кинопоиск
    Отандық және әлемдік кинотуындылар жасырылып, 10 сұрақтан тұратын тапсырмалар орындалды.
  5. Бәс
    Әр топ алдыңғы кезеңдерде жинаған ұпайларын бәс тікті. Жалпы алты ұяшық болды, ең көп ұпай жинаған топ бірінші таңдады. Ереже бойынша барлық ұпайын жоғалтқан топ жарыстан шығарылды.

Марапаттау:

  • Ⅰ орын – «Тауасар» тобы
  • Ⅱ орын – «Фиксики» тобы
  • Ⅲ орын – «Арландар» тобы

Бұл сайыс студенттердің білімдерін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталды.