Ашық сабақтың негізгі мақсаты – рационализация тәсілінің мән-мағынасын ашу болатын.
Ал ол тәсілдің мән-мағынасы мынада – күрделі көрсеткіштік және логарифмдік өрнектері бар теңсіздіктерді – оларға мәндес қарапайым рационалды теңсіздіктермен алмастыру.
Мәселен, осы сабақта күрделі теңсіздіктерді шешуге пайдаланатын екі формула көрсетіліп, дәлелденді.