«Магниттік құбылыстар. Магнит өрісі бөлімдеріне есептер шығару» атты ашық сабақ

«Физикалық есептерді шығару практикумы» атты пәні бойынша 15 қараша күні  ф-м.ғ.к., доцент А.Н.Кушекаалиев әдістемелік айлық бойынша ашық сабақ оздырылды. Сабақтың мақсаты 2 курс магистранттарға магниттік құбылыстар туралы, магнит өрісі бөлімдеріне есептер шығару жолдарын түсіндіру. Сабақ магнит өрістерін түсіндірумен басталды. Магистранттарға тарауды қайталап, есеп шығару жолдарын жеткілікті деңгейде түсіндірді.  Сабақ барысында магистранттарға деңгейі жоғары есептер берілді. Жеке жұмыстарды және деңгейлік тапсырмаларды орындады.