«Smart технологиялар» тақырыбындағы ашық практикалық сабақ

Физика-математика факультетінің “Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы  мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер" атты әдістемелік айлығы аясында информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның аға оқытушысы Ғ.Г. Мухамбетова қазақ тілі және әдебиеті БББ-ның КЯЛ-21 топ студенттеріне Ақпараттық-коммуникациялық технология пәні бойынша «Smart технологиялар» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Оған физика-математика факультетінің деканы Д.Б.Абулкасова, информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ жетекшісі А.А.Хамзина, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру БББ аға оқытушылары, магистрлер С.Н.Ерниязова, А.П.Рамазанова, Г.Е.Тлепбергенова қатысты.

Сабақ  студенттердің “Smart технологиялар” тақырыбы бойынша Gamma.app нейрожелісінде жасалған презентацияларын интерактивті панельден демонстрациялаудан басталды.

Сабақтың келесі бөлімінде студенттер компьютерде практикалық тапсырмалар орындады. Олар алдымен qr coder сайтын қолданып, сурет және бейне файл ашатын QR код жасады. Сонан соң кеңейтілген шындық (AR) технологиясын қолдануды жүзеге асыратын  AR-Studio нейрожелісінде  жұмыс жасады. Бұл тапсырманы орындаудың алдында студенттер кеңейтілген шындық технологиясын қолданып жасалған Орал қаласы тарихы, музейлер т.б. материалдарды компьютерлік тану тапсырмасын орындап қарады.

Сабақ барысында студенттер фотосуретті сөйлетуді жүзеге асыратын D-ID, мәтіндік сипаттамадан кескіндер жасау үшін қолданылатын Leonardo, бейне файлды мульфильмге түрлендіретін Lensgo нейрожелілерінде жұмыс жасап, түрлі практикалық тапсырмалар орындады.

Практикалық сабақ QuizRise платформасында тестілік тапсырмалар орындау арқылы студент білімін тексеріп, бағалаумен аяқталды. Сонымен қатар сабақтың басында және соңында Блоб ағашы әдісін қолданып, әр студент өзінің білім деңгейін бағалады. 

Практикалық сабақ барысында студенттер өте белсенді, қызығушылықпен жұмыс жасады.

Сабақ соңында ашық сабаққа қатысқан оқытушылар сабақтың өз мақсатына толығымен жеткенін, сабақта шағын топтық жұмыс, жұптық жұмыс пен жеке жұмыстың сәтті ұштастырылғанын, сабақта студенттер бірнеше нейрожелілермен танысқанын және сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өткендігі туралы пікірлерін айтты.