Математикалық тартыс

19.11.2024 ж. күні сағат 14:30 «Математикалық тартыс» жарысы өтті. Жарыс «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығымен бірге ұйымдастырылған болатын. Ұйымдастырушы ретінде «Зерделі» ақыл ой дамыту орталығының өкілі Оспанов Естай Еділұлы әділқазылық етті. Жарысқа 1-3 курс студенттері қатысты.  6 студенттен екі топ арасында жарыс өтті. Әр курстан 2 студенттен шығарып «Intelligent» және «Евклид ұрпақтары» атты екі топ құрылды. Екі топқа да бірдей 8 есеп берілді, шығаруға 1 сағат уақыт берілді. Одан соң ойын ережесіне сәйкес жарыс жалғасты. Ойын тартысты өтті. Студенттер тәжірибе алмасып, үйренгендері көп болды. Студенттер тарапынан осындай жарысты дәстүрлі түрде өткізузе ұсыныста түсті. «Intelligent» тобы МФ-31 тобынан Халиматова Альбина, М-31 тобынан Шайдуллина Диана, Ми-21 тобынан Айболұлы Санжар, МФ-21 тобынан Хайбулла Нұрхан, М(IP)-11 тобынан Султанов Рустам, Мұрат Дильназ студенттерінен тұрса, «Евклид ұрпақтары» тобын МФ-31 тобынан Хайролла Дильназ, М-31 тобынан Серікова Камила , Мф-21 тобынан Кабдрахимов Алдан, М-21 тобынан Бисенбаева Азиза, М(IP)-11 тобынан Сарсенов Саядат, Салюк Аңсаған студенттері құрады. «Intelligent» тобы жоғары балл жинап бірінші орынды иемденді. Жарыс 4 сағатқа созылды. Барлық студентке «Алғыс хат» пен шағын сыйлық берілді.