"INFOStars: IT жұлдыздары" атты интеллектуалды сайысы

14.11.2024ж. күні  “Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы  мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер" атты физика- математика факультетінің әдістемелік айлығы аясында Информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау БББ бойынша оқитын студенттер арасында «INFOStars: IT жұлдыздары» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл сайыс ИР-11, ИС-11, ИС-13 және ВТИПО-11 топ студенттері арасында өткізілді. Сайысты аға оқытушылар Мухамбетова Г.Г. және Муратова Ж.М. ұйымдастырды. Шараға физика- математика факультетінің деканы Абулкасова Д.Б, әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің әдіскері Ермекбаева Л.Д, математика мен физика мұғалімдерін дайындау БББ оқытушысы, магистр Мақсот Г.Т. және И-41 топ студенттері қатысты.

Сайыстың мақсаты болып студенттердің IT саласындағы білімдерін тексеру, шығармашылық қабілеттерін ашу және олардың командалық жұмыс дағдыларын дамыту, болашақ информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарының ойлау қабілетін дамыту және ғылыми-техникалық ойлауды ынталандыру табылды.

Сайыста әр топ өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, келесі кезеңдер бойынша жарысқа түсті:  Инфо-Эрудит, Құпия жәшік, Инфо-Веер, Инфо-жест. Студенттер әр турға белсене қатысып, өздерінің білім, білік, дағдыларын көрсете алды.

Бұл сайыс студенттерге тек өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар ақпараттық технологиялар мен бағдарламалау саласына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Осындай шаралар студенттерге өз білімдерін тереңдетуге, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ ІТ әлеміндегі соңғы жаңалықтар мен трендтерді зерттеуге мүмкіндік береді. Сайысқа түскен білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, ұтымды ой ұшқырлығы мен белсенділіктерін танытып, рухани азық алып, жақсы нәтиже көрсетті.