«Аналитикалық геометрия» пәнінен практикалық ашық сабақ

Математика кафедрасының оқытушысы Г.А.Узакбаева 07.04.2023 күні 6В01501 Математика БББ-ның 1 курс студенттерімен «Аналитикалық геометрия» пәнінен практикалық ашық сабақ өткізді. «Жазықтықтың әртүрлі теңдеулерін құру» тақырыбындағы практикалық сабақта жазықтықтың әртүрлі орналасуын GeoGebra қосымшасымен графиктерінің бейнеленуін көрсетті. Аудиторияда шығарылған әр есептің графиктері QR кодымен көрсетілген, студенттер өз ұялы телефонымен QR сканерлеу арқылы өздері графикті көре алды. Сабақта студенттер үш тапқа бөлініп есеп шығарып жарысты. Студенттер өзара және өзін - өзі бағалау әдісімен бағаланды. Үй тапсырмасы мен СОӨЖ презентацияда көрсетіліп тұрды. Сабақ түсінікті әрі қызықты өтті. Сабақ қойылған мақсатына жетті, тақырып толық қамтылды.

Математика кафедрасының оқытушысы: Г.М. Айтенова