«Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайындағы рart-time оқыту»

АР 14872018 «Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайындағы рart-time оқыту» атты ғылыми-зерттеу жобасы бойынша 2022 жылғы қысқаша мәлімет

ҰҒК шешімі 15-19.08.2022 жылғы 179/30-22-24 

Келісім шарт «18» қазан 2022 ж. № 279/30-22-24

Жоба жетекшісі: п.ғ.к., доцент Медешова А.Б

Мүшелері:

Кушеккалиев А.Н., ф-м.ғ.к., доцент

Акимова С.М., аға оқытушы, магистр

Курмашева Д.Н., аға оқытушы, магистр

Имангалиев М.М., аға оқытушы

Кайсағалиева Д.Л., есепші

Адельбаева Н.А., т.ғ.д., п.ғ.к., доцент

Бакытжанова Г.Б., магистр

1

Рart-time оқыту мен кәсіби білім беруді цифрландырудың шетелдік және отандық тәжірибелерін талдау

Шетелде кең таралған теориялық және практикалық тәжірибелер зерттелді. Шетелдік (Sue Jackson, Magda Rokicka, Silke Heuse,Вайнштейн Ю.В., Вайндорф-Сысоева М.Е., Строков А.А., Корбит П.А., Полупан К.Л.,) және отандық ғалымдардың (Кусайнов А.К., Шарипбай А.А., Балыкбаев Т.О., Нурбекова Ж.К., Тажигулова А.И., Артыкбаева Е.В., Нургалиева Г.К., т.б.) білім беруді цифрландыру бойынша ғылыми еңбектерінен деректер жинақталып, талданды. Зерттеу барысында «Қазіргі заманғы универитеттердің модельдері» тақырыбында мақала жарияланды.

1.1

Шетелдердегі маман даярлауда рart-time оқытуды жүзеге асыру тәжірибесін теориялық талдау

Шетелдердегі part-time оқытуды қолданудың үздік тәсілдері мен практикасы оқып-үйренілді. АҚШ, Европа, Азия, Ресей елдерінде part-time оқытудың тәжірибелері зерттелді. Full-time және part-time оқыту форматтарына салыстырмалы талдау жасалып, ерекшеліктері мен айырмашылықтары талданды. Қарастырылған елдер тәжірибесінде part-time оқытудың (күндізгі-сырттай, сырттай, online, online-offline, аралас/гибридті) түрлі әдістемелері анықталды.

1.2

Әлемнің жетекші елдеріндегі цифрлық білім берудің теориялық-тұжырымдамасы мен практикасына арналған іргелі еңбектер мен шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау, жүйелеу

Цифрлық білім берудің шетелдік және отандық теориялық тұжырымдамасы мен практикасы талданып, заңдылықтары мен даму тенденциясы анықталды. Германия, Венгрия, Эстония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінің цифрлық стратегиялары (Digital strategy) мен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №961 бұйрықпен бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамалары» салыстырмалы талданып, талдау нәтижелері жүйеленді.

1.3

Цифрлық білім беру арқылы рart-time оқытудың шетелдегі функционалдық практикасын, трансформациялау мен жаңғыртылуын педагогикалық зерттеу

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалып, жалпыланды. АҚШ-ның жоғары білім беруді цифрландыру тәжірибесінде сырттай оқу онлайн оқу мен ашық білім беруге трансформацияланғаны анықталды. Мұнда қашықтан оқыту сырттай оқудың сабақтасты жалғасы ретінде қабылданған (Л. Юань, С. Пауэлл). Сырттай оқуды ақпараттық технология арқылы қашықтан оқытуға трансформациялау нәтижесінде студенттер контингенті 1980 жылдары 300 мыңға жетіп, қазірге дейін бұл көрсеткіш үздіксіз өсіп отыр. Европа елдерінде Білім беруді цифрлық трансформациялау қызметтерінің жоспары» аясында рart-time оқытуды онлайн оқытумен, онлайн курстар әзірлеумен ұштасқаны, онлайн курстың құрылымы анықталды. Moodle, SCORM, Blackboard, Coursera, Лекториум, Stepik, т.б. платформалар құрылымы мен технологиясы зерделенді. Теориялық зерттеу материалдары бойынша «Білім беру процесінің цифрлық трансформациясы» атты баяндама тезисі жарияланды.

1.4

Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында Қазақстандық рart-time оқытудың педагогикалық моделін құру

Қазақстандық рart-time оқытудың педагогикалық моделі құрыла бастады. Зерттеу барысында ғылыми-әдістемелік еңбектерге сүйене отырып, қазақстандық рart-time оқытудың моделінің прототиптері жасақталды. Білім мазмұны, оқыту формасы, білім алушы мен оқытушы/жоғары оқу орны арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын «Part-time оқыту жүйесінің жалпы сұлбасы», «Part-time оқыту құрылымы», «Part-time оқытудағы кейс технологиясы» нұсқалар әзірленді.

2.1

Қазақстандағы кәсіби білім беру жүйесіне қашықтан оқыту технологиясын жаңғырту бойынша ғылыми және аналитикалық талдау, есептік материалдарды жинау

Қашықтан оқыту технологиясын трансформациялау ғылыми тұрғыдан талданды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында сырттай оқытуды қашықтан оқытуға трансформациялау тәжірибелері оқып-үйренілді. Соңғы жылдары қашықтан оқытуды оздырудың ережелері мен оны жүхеге асырудың практикасы жоғары оқу орындарының есептік материалдары бойынша талданды. «Distance Learning Activation in Higher Education» (European Journal of Contemporary Education. 2022. 11(3), E-ISSN 2305-6746 2022. 11(3): 831-845. DOI: 10.13187/ejced.2022.3.831) мақаласы әзірленіп, басылымда жарияланды.