20 ақпан күні физика-математика факультеті математика және физика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері арасында “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады” атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Шараның мақсаты: студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; теориялық білімін қолдана білу мен есептеу дағдыларын дамыту; бір-бірімен жеке қарым-қатынасқа тәрбиелеу, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу. 3 кезеңнен тұрған интеллектуалдық сайысқа 4 команда қатысты. III орынды МФ-11 тобы,II орынды М-11 тобы және үздік нәтижемен I орынды МФ-11 тобы иеленді. Белсенді қатысқаны үшін МИ-11 тобы Алғыс хатпен марапатталды.
Узакбаева Г.А.