студенттік өмір

2019 оқу жылының 02 қыркүйегінде 2 курс топ студенттерімен танысу, группа активін таңдау, екінші курс студенттерінің жеке құжаттарын жаңартып жинау мақсатында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттерге таңдаған оқу орнының жетістіктері, міндеттері, оқу үдерісі жайында тағыда толық ақпарат берілді.

Қыркүйек айының 2-нде «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨҚРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Елбасымыздың жаңа жолдауы аясында жолдауды талдауға арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат жолдауда баяндалған идеяларын талдау және оны орындау жоспарын жасау мақсатын көздеді. Кураторлық сағатта жолдаудың ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ жайындағы 1-бағытына жете тоқталып, студенттермен талқылады. Қорытындыда студенттер жолдауда айтылған бағыттарды жете назарда ұстап, болашақ ел тізгініне ие болар азамат пен азаматшалар ретінде Елбасымыздың жолдауын барынша түсініп, болашақта қолдан келгенше ел мүддесіне үлес қосуды алға мақсат етіп қойылды.

Қыркүйек айының 4-нде«Конституция – кемелдік кепілі» атты студенттерге өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйене білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу кураторлық сағат өткізілді.

Қыркүйек айының 6-нда «Ата Заң - елдігімнің еңсесі» атты студенттерге ата заңымыздың кемелділігін ұғындырып, сол жөнінде ақпарат беруге арналған кураторлық сағат өткізілді.

 

9-13 қыркүйек аралығында «Білімдінің күні жарық» атты қала кітапханаларына экскурсия өткізілді.Топ студенттерін университет кітапханалары және абонемент қызметімен таныстыру, қала кітапханалары жайында ақпарат беру мақсатында Ж.Молдағалиев және Х.Есенжанов атындағы қала кітапханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Қыркүйек айының 13-нде «Академиялық адалдық» білім алушыларға, университет қызметкерлері мен ПОҚ-қа адалдықты түсінуді қалыптастыру, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынастар, сондай-ақ адалдықты дамытуға жауапкершілікті орнату жөнінде түсіндіру жұмыстарына арналған кураторлық сағаты өткізілді.

Қыркүйек айында «Білімнің қайнар көзі – кітапхана» топ студенттерін кітапхана және абонемент қызметімен таныстыру, қала кітапханалары жайында ақпарат беру жөнінде қала кітапханаларына экскурсия жасалды.

Қыркүйек айының 16-нда «БҚМУ тарихы» университет мұражайына саяхат жасалды. Университеттің тарихы, онда қызмет еткен және тәлім алған тұлғалар жайында білім алушыларға ақпарат берілді.

Қыркүйек айының 17-ндеМ.Маметова мұражайына саяхат жасалды. М.Маметованыңөмірі жайында білім алушыларға ақпарат берілді.

«Білімдінің күні жарық» атты қала кітапханаларына экскурсия өткізілді. Топ студенттерін университет кітапханалары және абонемент қызметімен таныстыру, қала кітапханалары жайында ақпарат беру мақсатында Ж.Молдағалиев және Х.Есенжанов атындағы қала кітапханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Топ студенттерін қала мұражайларымен таныстыру, сол мұражайлар жөнінде ақпарат беру мақсатында «Өткенге шолу» атты қала мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында М.Маметова, А.С.Пушкин, өлкетану музейларына барып, студенттерге шолу өткізілді.

16-23 қыркүйек аралығында топ студенттерін қала мұражайларымен таныстыру, сол мұражайлар жөнінде ақпарат беру мақсатында «Өткенге шолу» атты қала мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында М.Маметова, А.С.Пушкин, өлкетану музейларына барып, студенттерге шолу өткізілді.

27 қыркүйекте Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша «Атқа міну мәденитін» жан-жақты талдай отырып, жылқы жануарының қазақ ұлтының өміріндегі рөлін көрсету мақсатында «Атқа міну мәдениеті Ұлы даладан тараған тарихы» кездесу өткізілді. Кездесу барысында атқа мінудің қыр-сырын меңгеріп, ерекшеліктері айқындалды.

Қазан айында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» студенттерді діни ағымдардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, діни экстремизмге қарсысала маманымен кездесу шарасына студенттерді қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылды.

04 қазанда Президенттің Үкімет алдына қойған басты бағыттарың көрсете отырып, Жолдаудың өзекті мәселелерін студенттерге талқылау мақсатында «ҚР Президентінің халыққа жолдауы» кураторлық сағаты өткізілді. Кураторлық сағат баяндама және сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Қорытындысында жолдаудың студенттер үшін маңызды тұстары талқыланды.

Қазан айының 30-нда «Құқығым – қорғаным» студенттер оқып жатырған білім ордасының тарихымен, ата-заңымызды негізге ала отырып, БҚМУ-дың ар-намыс кодексі және студенті туралы ережесімен таныстыру кураторлық сағаты өткізілді.

08 қарашада студенттерді Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы» кураторлық сағаты өткізілді. Кураторлық сағат әнұран шырқаумен басталып, барысында студенттер туымыз бен елтаңбада бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен тереңірек танысып, оларға сипаттама берді.

2019 ж. қараша айының 21-інде «Адамгершілік – рухани байлық» атты кураторлық сағаты өткізілді. Адам бойындағы ұнамды- ұнамсыз қасиеттерді талдай отырып,студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту кураторлық сағаттың мақсаты болып табылды. Кураторлық сағат сұрақ – жауап, ой толғау, пікірталас формасында өткізілді.

Қорытындыда адамгершілік қасиетті жоғары қойып, әрқашан да қайырымды, достық қарым – қатынаста болу, үлкенді сыйлау, сыпайы, ілтипатты болу, жаман әдеттерден аулақ болуды әрқашан назарда ұстауға шешім қабылданды.

27 қараша айында «15 қараша - ұлттық валюта күні» атты тәрбие сағатында Қазақстандық ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндірілді.

2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» атты Рухани жаңғыру бойынша тәрбие сағаты «Информатика» кафедрасының мамандықтары бойынша оқитын Иу-23, И/у-22, И-21, Иангл-2 топтарының қатысуымен топ кураторы Г.А. Дошева өткізді.

13 желтоқсан күні студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу мақсатында «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты концерттік бағдарлама түрінде өткізілді.

ІІ. Студенттік өзін – өзі басқару құрылымдарын дамыту, психологиялық, консультативтік жұмыстар, студенттерді әлеуметтік қолдау, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, еріктілер қозғалысын дамыту, студенттермен жүргізілетін клубтардың жұмыстарын дамыту

04 қазанда Ұстаздарға ізет- құрмет көрсету мақсатындағы ұстаздарды құттықтау шарасы ұйымдастырылып, топ студенттері 100% қатыстырылды.

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ғылым мен техникаға баулу мақсатында Роботехника үйірмесіне қатыстыру туралы ақпараттық әңгіме өткізілді. Нәтижесінде Абутолыбов Абдолла ВТиПО-21, Серікқали Асыланбек ИС-21 топ, Ерлан Нұртілек И-11 топ студенттері Роботехника үйірмесіне қатыстырылды.

Еріктілер қатарында ИС-21 топ студенті Хадеш Ажар және ВТиПО-21 топ студенттері Иржигитова Салтанат пен Кайленова Аружан қосылды.

Ректорлық командасындаіріктеуден өтіп, Алматы қаласында оқып келген болатын ВТиПО-21 топ студенті Құрманғалиева Айдана мен ИС-22 топ студенті Белихина Анастасия.

2019 - жылдың 12- қараша күні бітіруші курс студенттері Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасына экскурсияға барды. Шараның мақсаты бітіруші курс студенттеріне кәсіби сараман мен жұмысқа орналасатын кәсіпорынды таңдауына бағыт- бағдар беру болып табылды.

Экскурсияға қатысқан студенттер Digital AQJAIYQ тұжырымдамасы аясында аймақты цифрландыру бойынша жасалып жатқан жұмыстармен және ендірілген IT-жобалармен танысып, болашақта елімізде IT саласын дамытуға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп тарқасты.

Шара туралы материал факультет сайтында жарияланды.

13 Қараша 2019ж.

Сайт адресі: http://fim.wksu.kz/kk/novosti/18-informatika-kafedrasy/91-4-kurs-studentterini-ekskursiyasy-vtipo

27 қараша күні «Көзқарас» фотокөрме көрсету мақсатындағы шараға 100% қатыстыру шарасы ұйымдастырылып,

Желтоқсан айының 12- інде «Білім беру процесінің тәжірибе-бағдарлық бағыты» ақпараттық әңгіме өткізілді. Онда студенттердің педагогикалық және кәсіби сараманнан өтуі туралы ақпарат берілді.

“Жаңа жыл” мерекесіне арналған шараға қатыстыру арқылы студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жүзеге асты.

ІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын дәріптеу, тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу, жастарды қауымдастыққа тарту.

Студенттерді 100% сенбілікке қатыстырып, еңбекке баулу, тазалықты сақтауды ұғындыру мақсатында қыркүйек айындағы сенбіліктерге қатыстырылды.

18 қырқүйекте студенттерді діни ағымдардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, діни экстремизмге қарсы мақсатта «Дін және мәдениет» сала маманымен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, оларға жауап алды.

Қыркүйектің 21-нде студенттерді еңбекке баулу, қала тазалығын сақтауды ұғындыру мақсатында топ студенттері қыркүйек айында «Біз таза қала үшін!» қалалық сенбілікке қатысып, университет территориясын жинады.

Қазан айында алауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге баулу аясында спорттық шаралар өткізілді. Сол спартакиадаға студенттер қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Қазанның 18-нде 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші ұйымдастырылды.

Қарашаның 13-інде информатика кафедрасына қатысты мамандықтардан құралған команда «IQ Махамбет» аттыфакультет ішілік интеллектуалды ойынға қатысып, физика, математика мамандығы студенттерінен оза шауып, келесі турга жолдама алды. Бұл командалық шараға кураторлық топтан Кәрім Ералхан И-11 топ, Фазылов Ерланжәне Жорғатай Айдана И/англ-1 топқатысты.

Желтоқсан айының 5-інде «Діни сауаттылық- қоғамның қауіпсіздігі» атты кураторлық сағаты өтті. Студенттерге діни сауаттылылық жайында ақпарат бере отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу, түрлі діни ағымдардан аулақ болуға баулу кураторлық сағаттың мақсаты болып табылды.

Қорытындыда студенттердің діни сауаттылығық жайында білімдерін тереңдете отырып, түрлі діни ағымдардан бойын аулақ салуға шешім қабылданды.

 

Желтоқсан айының 9- ында «Салауатты өмір салты – ғасыр ұраны» атты кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты болып студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ақпарат беру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу саналды.

Қорытындыда әр студент денінің саулығына көңіл бөліп, әрқашан жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға тиіс деген шешім қабылданды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге баулу, спорт секцияларына қатыстыру жайында топ студенттерімен әңгімелер өткізіліп тұрады. И-41 топ студенті БалмановА. бірінші курстан бері күрес спорты бойынша үйірмеге қатысады. Ол 2018ж. бастап спорттың ережесіз жекпе жек түрімен айналысады. БалмановА. желтоқсан айында Талдықорған қаласында өткен аралас жауынгерлік жекпе-жек ММА спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогы бойынша жарысқа қатысты.Ол желтоқсан айының 28-29-ында Орал қаласында ММА аралас жекпе-жектен ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының кубогінде 70,3 келі салмақ дәрежесінде I орынға ие болды.

Желтоқсан айында барлық топта академиялық адалдықты сақтау жайында кураторлық сағат өткізілді. Қазан, желтоқсан айларында аралық рейтинг нәтижесін талқылауға, ал қаңтар айының басында қысқы сессия қорытындысын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізілді.

Факультетіміздің белсенді студенті Хадеш Ажар ректор атынан алғыс хат алу сәті!

Желтоқсан айының 10-жұлдызында дәстүр бойынша университетіміздің ректоратымен ұйымластырылған "БҚМУ жұлдызы-2019" өткен болатын. Оқуда, ғылымда зор жетістіктеріне қол жеткізіп, университетіміздің қоғамдық өмірінде жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен көшбасшылардың алдыңғы алдыңғы қатарында көрінгені үшін алғыс хат, құрмет грамотасы және арнайы сыйлықтармен марапатталған болатын.Қорытындылай келе, алғыс хатқаХадеш Ажар иеленіп, марапатталды.

Қазан, желтоқсан айларында аралық рейтинг нәтижесін талқылауға, ал қаңтар айының басында қысқы сессия қорытындысын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізілді.