Факультет басшылығы
Факультет деканы: Абулкасова Дина Бакытжановна, аға оқытушы, ә.ғ.к.
Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі декан орынбасары: Искалиева Айжан Урынгалиевна, аға оқытушы, магистр
Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары: Иксебаева Жанна Сагинтаевна, аға оқытушы, магистр
Факультет хатшысы: Сисенгазиева Зергуль Болатовна
Факультета миссиясы: интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды, оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау, жаратылыстану және техникалық білімдерді жинақтау және тарату
Мақсаттар мен міндеттер:
оқыту үрдісінің сапалы болуы, оқушының болашақ маман ретіндегі тұлғасын тәрбиелеу және дамыту арқылы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету.
Негізгі қызмет түрлері:
- факультеттің білім беру бағдарламаларына сай бәсекеге қабілетті, құзіретті бакалаврлар мен магистрлерді дайындау;
- оқу үдерісіне инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді, ақпараттық технологияларды, мультимедиялық оқу құралдарын енгізу және пайдалану;
- студенттер мен магистрлерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатыстыру;
- кәсіптік бағдар беру іс-шаралары шеңберінде кафедралар филиалдарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;
- кадрлық ресурстарды және басқару жүйесін дамыту;
- жетекші отандық және шетелдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту;
- жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату, практиктер мен шетелдік мамандарды тарту;
- заманауи оқу-зертханалық база мен әлеуметтік инфрақұрылымды құру және дамыту, материалдық-техникалы базанын ығайту;
- бірыңғай сапа саясатын жүзеге асыру.
Факультеттің білім беру бағдарламалары:
Қазіргі уақытта физика-математика факультеті бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
Бакалавриат БББ |
Магистратураның БББ |
6В01501 Математика 6В01502 Математика-Физика 6В01503 Математика-Информатика 6В01513Физика ағылшын тілінде 6В01505 Физика-Информатика 6В01506 Информатика 6В01518 Информатика және робототехника 6В06102 Ақпараттық жүйелер 6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
7M01501 Математика 7M01504 Физика 7М01535 Информатика
|
Факультет тарихы
Физика-математикафакультеті М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың ең көне факультеттерінің бірі болып табылады. Ол 1932 жылы алғаш рет А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филиалы болып құрылды, ал 1934 жылы физика-математика факультеті болып өзгертілді.
Физика-математика факультеті осы жылдар ішінде өздерінің шығармашылығымен және адал еңбегімен университеттің беделі мен құрметіне ие болған мыңдаған мамандарды шығарды.
Факультет өзінің оқытушыларымен және түлектерімен – Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен және факультет пен университеттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлерімен мақтанады, олардың арасында Беда Л.И.- екі мәрте Кеңес Одағының батыры;А.Д.Тайманов - физика-математика ғылымдарының доктор, академик;П.И.Токарев; Муканалиева Р.А.; Маскеев Р.М., Суетин П.К.; Ставкин О.Н;Назиров Т.Ж.;Ступак И.Р.; Х. Ибрашев – Ұлы Отан соғысының ардагері; Кенжегулов Х.К.; Борисов Г.А.; Габидуллин Р.Н.;Тумпуров Ю.Ф.;Абдульманов Р.Н.;Тлеугалиев С.Х.;Байгузов Н.С.;Ишанбекова Г.Н.;Тулежанов К.А.;Джумахметов К.Ж.; Жубанышева З.Ж.;А.Е.Кузьмичева; Ж.С. Сырым және тағы басқалар.
Факультет әр салада еңбек еткен, әлі де қызмет етіп жүрген түлектерімен танымал:Куспанов У.К., Курманалина Ш.Х., Катаев Е.С., Мынбаева А.А., Протасов В.А., Кадралиев Д., Кереева Н.Е., Кобланова, У.Б., Темирханова А.М., Ергужиева Н.Д., Утешева Г.Г., Черыкаев Л.Г., Шапкенов С.Ж. және басқалар.
Физика-математика факультетінің тәжірибе базасы қаланың, БҚО аудандарының жалпы білім беретін мектептері және кәсіпорындар болып табылады.Соның ішінде: №27 М.Маметова атындағы мектеп-лицей, Назарбаев зияткерлік мектебі, Алия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин атындағы Дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп, №1 ЖОББМ, №34 ЖОББМ, №41ЖОББМ, №19 ЖОББМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ, Батыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру және білім сапасын бағалау оқу-әдістемелік орталығы, «Батыс IT» ЖШС, «IT GROUP» ЖШС, «TORUS» ЖШС, «Орал Агрореммаш» АҚ, «Технопарк Алгоритм» ЖШС, т.б.
Факультет түлектерін жұмысқа орналастыруда Түлектер қауымдастығы мен жұмыс берушілер кеңесі айтарлықтай көмек көрсетуде. Факультет жұмыс берушілері қатары: Э.М.Кусмурзиева, А.В. Наумов, Л.Г Черыкаев, В.А. Протасов, Г.Г. Утешева, А.К. Ислямова, Е.Е. Кадыров, А.К. Кизагалиева, Е.Ж. Темиргалиев, А.Б. Еркамешева, Е.Н. Сафуллин, Ж. Шоңбаев, Д. Г. Габдуллаев. Факультеттің жұмыс берушілермен және сараман базаларымен ынтымақтастығы әртүрлі бағытта дамып келеді: кездесулер, интеллектуалдық ойындар және басқа да тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар, ал жұмыс берушілер рецензенттер, педагогикалық, кәсіптік сарамандарының жетекшілері, қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері болып табылады.
Түлектердің ортақ мүдделерімен айқындалған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында факультетте құрылды. Қауымдастықтың мақсаты – жаңа формат мамандарын даярлау және факультет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатудағы іс-шараларға жәрдемдесу.Физика-математика факультетінің Түлектер қауымдастығы құрамында: Жумагалиева А.Г. - №37 ЖОББМ директоры, Габдуллаев Д. Г. – ЖСШ «TORUS» бас атқарушы директоры, Бакаев А.Т. – С.Сейфуллин атындағы Дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директорының орынбасары, Қайырлы Ж.Н. – Оқушылар сарайының IT бөлімінің жетекшісі, Шонбаев Ж. – БҚО Дарынды балаларға арналған мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры, Сафуллин Е.Н. – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры. Қауымдастықтың кейбір мүшелері жұмыс беруші де, ата-аналар да, сәйкесінше факультет кеңесінің мүшелері болып табылады. Қауымдастық әртүрлі форматтағы түлектердің кездесулерін ұйымдастыруға, Ашық есік күндерін өткізуге, тәжірибе базаларын ұйымдастыруға, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге, түлектердің мерейтойлық кездесулерін, түрлі тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесуге шақырылады.
Физика-математика факультетінде практиктердің оқу процесіне қатысуының әртүрлі формалары қолданылады: дуальді оқыту, оқу-өндірістік тәжірибелер, шеберлік сабақтары, жұмыс берушілермен және кадрлық мамандармен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар.
Ғылыми-зерттеу жұмысының дамуына факультет кафедраларының ғылыми орталықтармен ынтымақтастығы ықпал етеді:
- көршілес елдердің университеттерімен ынтымақтастық (Москва, Самара, Тольятти, Санкт-Петербург, Волгоград, Саратов, Оренбург, Новосибирск);
- алыс шетел ЖОО-мен ынтымақтастық (Германия, Польша).
Факультет оқытушылары конференцияларға белсенді қатысады, шетелдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды және рецензиялайды.
Физика-математика факультетінің білім беру бағдарламаларының студенттері дәстүрлі түрде республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болады.
Факультет студенттері оқу қызметінен басқа университеттің қоғамдық өміріне белсенді атсалысады, студенттік клубта вокал және бимен айналысады, спорттық секцияларға қатысады, «Жасыл ел» құрылыс жасағының мүшелері болып табылады.
Студенттік деканат түрлі оқу-тәрбие және спорттық-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенділік танытады. Жыл сайын факультет студенттері «Студенттер қатарына қабылдау», «Үздік студент-педагогтар байқауы», «Студенттік көктем», денсаулық спартакиадасы және басқа да көптеген университеттік іс-шараларға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Байланыс ақпараты
Физика-математика факультетінің деканаты:
Мекен-жай: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 162, 313 кабинет
Телефон: 8(7112) 26-03-80
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Instagram: bqu_fizika_matematika