2025 жылғы 17–28 қараша аралығында «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ-қа факультетіміздің математика мен физика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары Есенгалиева А.Н., Имангалиева Б.С., сондай-ақ өндірістік оқыту шебері Мухитова Н.Н. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарға барып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, оқу үдерісін жетілдіру және студенттердің кәсіби дамуын қолдау болды.
Іс-сапар бағдарламасының негізгі бағыттары
1.Ғылыми-зерттеу жұмысы
Оқытушылар өзара ғылыми ынтымақтастықты нығайта отырып, «Жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне ықпалы: мүмкіндіктері, қауіптері және этикалық мәселелері» тақырыбында зерттеу жүргізді. Сонымен қатар студенттерге арналған «Физиканы оқытудың заманауи әдістері» атты кездесу және STEM бағытындағы физика жобаларын ұйымдастыру бойынша практикалық кеңестер өткізілді.
2.Оқу үдерісіндегі тәжірибе
Сапар барысында «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Оқытушылар механика, физика әдістемесі және зертханалық жұмыстар бағытында сабақтар жүргізіп, студенттермен пікірталасқа негізделген семинарлар өткізді.
3.Ғылыми-әдістемелік іс-шаралар
Студенттердің кәсіби бағдарын дамыту мақсатында «Болашақ мамандығым: өз қабілетімді танып, кәсіби дамудың жолын анықтау» тренингі ұсынылды. Сонымен қатар «Физикалық эксперимент: өз қолымен жасау, өлшеу жүргізу және нәтижені талдау» атты шығармашылық мастер-класс ұйымдастырылып, студенттердің зертханалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берілді.
4.Әдістемелік жұмыстар
«Жоғары білім беруде оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және студент білімін объективті бағалау» тақырыбындағы әдістемелік күн өткізіліп, білім алушыларға арналған силлабус құрылымы талқыланды.
5.Қорытындылау және талдау
Іс-сапар соңында академиялық ұтқырлық бағдарламасының нәтижелері бойынша есеп дайындалып, жұмыстың тиімділігі мен алдағы бағыттары айқындалды.
Күтілетін нәтижелер
«Физика» білім беру бағдарламасы аясында инновациялық әдістерді меңгеру және әдістемелік шеберлікті арттыру;
Ғылыми және оқу тәжірибесі арқылы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту;
Студенттермен жұмыс істеудің жаңа формаларын енгізу және білім сапасын арттыру.















