Академиялық ұтқырлық туралы «Физика» кафедрасы

Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің білім алушылары мен оқытушыларының академиялық ұтқырлығы туралы ережемен, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушыларының академиялық ұтқырлық концепциясы, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен реттеледі.

Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушыларды конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері мыналар болып табылады: бір академиялық кезеңді аяқтау, үлгерім, қоғамдық өмірге белсенді қатысу. Конкурстан өткен білім алушылар, жіберуші және қабылдаушы ЖОО арасында үш жақты келісім жасауды ұйымдастырады. Оқуға түскеннен кейін қабылдаушы ЖОО-да білім алушылар транскрипт ұсынады, оның негізінде білім алушыға ECTS типі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық жүйесіне сәйкес міндетті түрде кредиттерді қайта санау жүзеге асырылады.

2018 оқу жылы академиялық ұтқырлық аясында "Физика" ББ бойынша Кабдрашит Д.Р.

2017-2018 оқу жылында 5В011000 - Физика мамандығының ББ бойынша 3 курс студенттері Тулеугалиева Э., Нурболқызы С. Б. Б. Городовикова (Элиста қаласы) атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінде семестрлік оқуды аяқтады.

2018-2019 оқу жылының екінші семестрінде 5В011000-Физика ББ бойынша Сарман Гульзат, Айтжанова Сәруар, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде (Ақтөбе қ.) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

2019-2020 оқу жылының 1 семестрінде 5В011000 – Физика ББ бойынша Акбаликова Айдана . Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде (Ақтөбе қ.) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды, 2 семестре 5В011000 - Физика ББ бағдарламасы бойынша Тораева Сындар Каспий мемлекеттік технология және инжиринг университетінде білім алуда. ( Актау қаласы)

 

Қосымша оқыту элективті пәндер каталогы және бекітілген Білім беру траекториялары негізінде жүзеге асырылады. Меңгерген пәндер мен кредиттер транскриптерге енгізіледі, онда сондай-ақмеңгерген қосымша білім беру бағдарламасы көрсетіледі.

Факультет академиялық алмасу бағдарламасы аясында белсенді жұмыс істейді. Осы бағыт аясында кафедраның үздік студенттері семестр бойы серіктес ЖОО-да білім алады:

- Ұлы Казимир атындағы университетУниверситет (Быдгощ қ, Польша);

- Отто фон Герике атындағы Университет (Магдебург қ, Германия);

- Тольятти мемлекеттік университеті (Тольятти қ, Россия)

- Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ, Россия)

- Новосибирск мемлекеттік университеті (Новосибирск қ, Россия)

Қабылдаушы ЖОО-да оқығаннан кейін білім алушылар транскрипт және есеп береді. Транскрипт негізінде білім алушыға ECTS типі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық жүйесіне сәйкес кредиттерді міндетті түрде қайта есептеу жүзеге асырылады.

2017-2018 оқу жылы 5В011000 – Физика ББ бойынша 2-ші семестрде келесі студенттер оқып шықты:

1. Әбсамат Әсел Сайфуллақызы– Оренбург мемлекеттік университеті (Россия);

2. Мәнсүр Шахризат Мұратқызы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қ);

3. Тынышбек Маржан Сәкенқызы – Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.).

Кафедрада білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы тұрақты бақылау жүргізіледі, ол тьютор журналының негізінде жүзеге асырылады. Оқу жетістіктерін, білім алушылардың білімін ағымдық және аралық бақылау нәтижелерін тіркеу үшін автоматтандырылған басқару жүйесі қолданылады.