Физика-математика факультеті
Факультет басшылығы
Факультет деканы: Есенгалиева Алмагул Насипкалиевна – физика-математика факультетінің деканы, аға оқытушы.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары Мухамбетова Ботагоз Жантлешовна, – аға оқытушы, магистр.
Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары: Иксебаева Жанна Сагинтаевна – аға оқытушы, магистр.
Факультет хатшысы: Сисенгазиева Зергул Болатовна.
Факультеттің миссиясы
Зияткерлік, ақпараттық және материалдық ресурстарды, оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, жоғары білікті мамандар даярлау, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімді жинақтау және тарату.
Мақсаты мен міндеттері
Болашақ маман ретінде студенттің тұлғасын оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісін сапалы ұйымдастыру арқылы білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша құзыретті, бәсекеге қабілетті бакалаврлар мен магистрлер даярлау;
- оқу үдерісіне инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді, ақпараттық технологияларды және мультимедиялық оқыту құралдарын енгізу және пайдалану;
- студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту;
- кәсіптік бағдар беру қызметі аясында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;
- кадрлық әлеует пен басқару жүйесін дамыту;
- жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту;
- жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату, практик мамандар мен шетелдік сарапшыларды тарту;
- заманауи оқу-зертханалық база мен әлеуметтік инфрақұрылымды құру және дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту;
- сапа саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асыру.
Факультеттің білім беру бағдарламалары
Қазіргі уақытта физика-математика факультеті бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.
|
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары |
Магистратураның білім беру бағдарламалары |
|
6В01501 Математика |
7М01501 Математика |
|
6В01502 Математика-Физика |
7М01504 Физика |
|
6В01503 Математика-Информатика |
7М01535 Информатика |
|
6В01536 Физика (IP) |
|
|
6В01513 Ағылшын тіліндегі физика |
|
|
6В01505 Физика-Информатика |
|
|
6В01517 Информатика (IP) |
|
|
6В01518 Информатика және робототехника |
|
|
6В06102 Ақпараттық жүйелер |
|
|
6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
|
|
6В06104 Компьютерлік технологиялар және жасанды интеллект |
Факультет тарихы
Физика-математика факультеті М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің байырғы факультеттерінің бірі болып табылады. Ол 1932 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының бөлімшесі ретінде құрылып, 1934 жылы физика-математика факультеті болып қайта ұйымдастырылды.
Өзінің қалыптасу және даму жылдарында физика-математика факультеті мыңдаған маман даярлап шығарды. Олар жасампаз әрі адал еңбектерімен жоғары оқу орнының танымалдығы мен беделінің артуына зор үлес қосты.
Факультет Ұлы Отан соғысына қатысқан оқытушылары мен түлектерін, сондай-ақ факультет пен университеттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлерін мақтан тұтады. Олардың қатарында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Л.И. Беда; физика-математика ғылымдарының докторы, академик А.Д. Тайманов; П.И. Токарев; Р.А. Мұқаналиева; Р.М. Маскеев; П.К. Суетин; О.Н. Ставкин; Т.Ж. Назиров; И.Р. Ступак; Ұлы Отан соғысының ардагері Х. Ибрашев; Х.К. Кенжегулов; Г.А. Борисов; Р.Н. Габидуллин; Ю.Ф. Тумпуров; Р.Н. Абдульманов; С.Х. Тлеугалиев; Н.С. Байгузов; Г.Н. Ишанбекова; К.А. Тулежанов; К.Ж. Джумахметов; З.Ж. Жубанышева; А.Е. Кузьмичева; Ж.С. Сырым және басқа да көптеген тұлғалар бар.
Факультет әртүрлі салада еңбек еткен және қазіргі уақытта еңбек етіп жүрген түлектерімен мақтанады. Олардың қатарында У.К. Куспанов, Ш.Х. Курманалина, Е.С. Катаев, А.А. Мынбаева, В.А. Протасов, Д. Кадралиев, Н.Е. Кереева, У.Б. Кобланова, А.М. Темирханова, Н.Д. Ергужиева, Г.Г. Утешева, Л.Г. Черыкаев, С.Ж. Шапкенов және басқалар бар.
Практика базалары
Физика-математика факультетінің практика базаларына Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарындағы жалпы білім беретін мектептер және кәсіпорындар жатады.
Олардың қатарында:
- М. Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі;
- Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі;
- С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;
- дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп;
- №1 жалпы орта білім беретін мектеп;
- №34 жалпы орта білім беретін мектеп;
- №41 жалпы орта білім беретін мектеп;
- №19 жалпы орта білім беретін мектеп;
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты;
- Батыс Қазақстан облыстық білім беруді ақпараттандыру және білім сапасын бағалау оқу-әдістемелік орталығы;
- «Batys IT» ЖШС;
- «IT GROUP» ЖШС;
- «TORUS» ЖШС;
- «Орал Агрореммаш» АҚ;
- «Алгоритм» технопаркі ЖШС және басқа да ұйымдар бар.
Жұмыс берушілер кеңесі
Факультет түлектерін жұмысқа орналастыруға Түлектер қауымдастығы мен Жұмыс берушілер кеңесі елеулі қолдау көрсетеді.
Факультеттің Жұмыс берушілер кеңесінің құрамына Э.М. Кусмурзиева, А.В. Наумов, Л.Г. Черыкаев, В.А. Протасов, Г.Г. Утешева, А.К. Ислямова, Е.Е. Кадыров, А.К. Кизагалиева, Е.Ж. Темиргалиев, А.Б. Еркамешева, Е.Н. Сафуллин, Ж. Шоңбаев, Д.Г. Габдуллаев кіреді.
Факультеттің жұмыс берушілермен және практика базаларымен ынтымақтастығы әртүрлі бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, кездесулер, зияткерлік ойындар және тәрбиелік маңызы бар басқа да іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларына рецензент, педагогикалық және кәсіптік практикалардың жетекшілері, сондай-ақ түлектерді қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері ретінде қатысады.
Түлектер қауымдастығы
Физика-математика факультетінде түлектердің ортақ мүдделеріне негізделген бірлескен қызметті жүзеге асыру мақсатында Түлектер қауымдастығы құрылған.
Қауымдастықтың мақсаты – жаңа формациядағы мамандарды даярлауға ықпал ету және факультет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату.
Физика-математика факультеті Түлектер қауымдастығының құрамында:
- А.Г. Жумагалиева – №37 жалпы орта білім беретін мектептің директоры;
- Д.Г. Габдуллаев – «TORUS» ЖШС бас директоры;
- А.Т. Бакаев – С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директорының орынбасары;
- Ж.Н. Қайырлы – Оқушылар сарайы IT бөлімінің жетекшісі;
- Ж. Шоңбаев – Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры;
- Е.Н. Сафуллин – Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры.
Қауымдастық түрлі форматтағы түлектер кездесулерін өткізуге, Ашық есік күндерін ұйымдастыруға, практика базаларын қалыптастыруға, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге, мерейтойлық кездесулер мен әртүрлі тақырыптық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетеді.
Практик мамандардың білім беру үдерісіне қатысуы
Физика-математика факультетінде практик мамандарды білім беру үдерісіне тартудың әртүрлі нысандары қолданылады:
- дуальды оқыту;
- оқу және өндірістік практикалар;
- шеберлік сабақтары;
- жұмыс берушілермен және персоналмен жұмыс істейтін мамандармен кездесулер;
- кәсіпорындарға экскурсиялар.
Ғылыми-зерттеу қызметі
Факультет БББ ның ғылыми орталықтармен ынтымақтастығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына ықпал етеді. Ынтымақтастық мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
- жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық: Мәскеу, Самара, Тольятти, Санкт-Петербург, Волгоград, Саратов, Орынбор, Новосибирск;
- алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық: Германия, Польша.
Факультет оқытушылары ғылыми конференцияларға белсенді қатысады, шетелдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды және ғылыми еңбектерге рецензия береді.
Студенттік өмір
Физика-математика факультетінің білім беру бағдарламаларында оқитын студенттер республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен байқауларда дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болып келеді.
Студенттер оқу қызметімен қатар университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Олар студенттік клубтағы вокал және би үйірмелеріне, спорт секцияларына қатысады, сондай-ақ «Жасыл ел» құрылыс жасағының мүшелері болып табылады.
Студенттік деканат түрлі оқу-тәрбие және спорттық-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады.
Физика-математика факультетінің студенттері жыл сайын «Студенттер қатарына қабылдау», «Үздік студент-педагогтер байқауы», «Студенттік көктем», «Денсаулық спартакиадасы» сияқты жалпыуниверситеттік іс-шараларға және басқа да көптеген байқауларға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Байланыс ақпараты
Физика-математика факультетінің деканаты
Мекенжайы: Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 162, 313-кабинет
Телефон: 8 (7112) 26-03-80
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Instagram: bqu_fizika_matematika




