Кафедра физики

Кафедра туралы

2019 жылы 5В011000 – физика білім беру бағдарламасы бойынша 5 жыл мерзімге, 6М0110000 - физика  бағдарламасы бойынша 7 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттаудан өткендігін растайтын куәлік алынды.

2019 жылы университетте дәстүрлі өтетін «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауына  кафедрадан аға оқытушы Б.С. Имангалиева мен оқытушы, магистр А.О.Губашева «Студенттерге астрономиялық білімді дуалды оқыту жүйесі негізінде меңгертудің әдістемелік жолдары» тақырыбымен қатынасып үздік бес жобаға лайық деп бағаланды.

2018 жылдың сәуір айында Петропавл қаласында өткен ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011000-Физика мамандығы жалпы командалық ІІ дәрежелі дипломмен, ІІ курс студенті В.С.Козлов ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011000-Физика мамандығы жалпы командалық ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011000-Физика мамандығы бойынша В.С.Козлов ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылы сәуір айында Талдықорған қаласында ұйымдастырылған ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011000-Физика мамандығы жалпы командалық ІІ дәрежелі дипломмен, ІІІ курс студенті В.С.Козлов ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылдың желтоқсанында ф-м.ғ.к., профессор А.Е.Кузьмичеваның 80 жылдығына орай «Научная школа А.Е. Кузьмичевой- традиции и инновации» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.


Печать