2022-2023 оқу жылындағы информатика кафедрасының кәсіби-бағдар жұмысы бойынша жартыжылдық ЕСЕБІ

Оқу жылының басында информатика кафедрасы бойынша кәсіби бағдар жұмысының жоспары құрылып, бекітілді.

8.11.2022ж күні кафедра оқытушысы  И.Н.Пугачева университет оқытушыларымен бірге №3 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушыларына  университет, кафедра мамандықтары туралы ақпарат берді. Оқушылар кітапхана, шетелде білім алу мүмкіндіктері, атаулы  шәкіртақылар, оқу ақысы жөнінде біренеше сұрақтар қойды. Сынып жетекшісі алдағы уақытта тағы да қосымша мәлімметтер мен өзгерістер жөнінде бөлісуді өтінді.

15.11.2022ж информатика кафедрасының оқытушылары ғылыми-әдістемелік семинардың жоспарына сәйкес Орал ақпараттық-технологиялар колледжіне саяхат жасады. Осы саяхат аясында кафедра оқытушысы З.М.Химеденова колледж түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Түлектер арасынан болашақта біздің университетте жоғары білім алу ойларында бар студенттер кездесті. Түлектер көкейінде жүрген сұрақтарға мардымды жауап алды. Топ кураторы колледж түлектерінің жоспарлары  туралы, студенттердің  қандай оқу орындарын таңдап отырғаны туралы ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта колледж басшылығы университет тарапынан осындай кәсіби бағдар жұмыстары жылына кем дегенде екі рет жүргізілсе деген ұсыныс білдірді.

    16.11.2022ж. Орал қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар  жұмысын жүргізді. Мектеп түлектері жиналған жиында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және информатика кафедрасы туралы мағлұматтар берілді. Университет жайлы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар сауалнамалар толтырылды және университет, кафедра буклеттері таратылды.

16.11.2022ж №47 ЖОББМ-не кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Мектеп түлектеріне университет пен мамандықтар жөнінде мағлұмат беріліп, сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ертеңіне айқын мақсатпен, нық сеніммен  қарап отырған түлектерге оқытушылар  сәттілік тіледі.

07.12.2022ж Г.А.Дошева университеттің  оқытушылар құрамымен №41 мектеп-лицейіне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектері оқытушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Түлектер сауалнама толтырып, оқытушыларға көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Оқытушылар түлектердің қойған сұрақтары бойынша мамандықтар туралы нақты мағлұматтар берді. Ұлдардың көпшілігі университетте әскери кафедраның бар екенін барған оқытушылардан біліп, осы бағытта сұрақтар қойып қызығушылық танытты. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар талқыланды. Студенттер алдағы уақытта университетке оқуға түсуге ниеттерін білдірді.

Сауалнама нәтижесі:

ЖОББМ атауы

Сауалнамаға қатысқан

түлек саны

Бейіндік пәндері математика+информатика болатын түлектер саны

Университетті таңдап отырған түлектер саны

Университетке түсу ойында бар түлектер саны

№10 ЖОББМ

52

5

10

21

№47 ЖОББМ

68

7

8

28

№41 мектеп-лицейі

41

-

1

6