«Информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасының 2024-2025 ж.ж. түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат

2024-2025 оқу жылында түлектерді жұмысқа қамтамасыз ету бойынша мәліметке келсек, биыл 6В01506 Информатика, 6В06102 Ақпараттық жүйелер, 6В61103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша жалпы 67 студент диплом алды. 7М01535 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша жалпы 20 магистрант диплом алды. Қазақ тобы бойынша – 58 түлек, орыс тобы – 9 түлек. Педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша бітірген қазақ тобының 24 түлегінің 14 түлек жұмысқа орналасты. 5 түлек магистратураға түсті, 2 түлек бала күтімімен үйде отыр, 1 түлек әскерде, 2 түлек жұмыссыз. Техникалық білім беру бағдарламасы бойынша бітірген қазақ тобының 34 түлегінің 14 түлек жұмысқа орналасты. 5 түлек магистратураға түсті, 15 түлек жұмыссыз. Орыс топтары бойынша: Педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша бітірген қазақ тобының 2 түлегінің 1 түлек жұмысқа орналасты. 1 түлек магистратураға түсті. Техникалық білім беру бағдарламасы бойынша бітірген қазақ тобының 7 түлегінің 1 түлек жұмысқа орналасты. 6 түлек жұмыссыз. Магистранттар бойынша қазақ тобының 20 түлегінің 1 түлегі бала күтімімен үйде отыр, 19 түлегі өз мамандықтары бойынша жұмыстарына орналасты, бұл топта орыс тобы болған жоқ. Қазіргі таңда жұмыссыз түлектер «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамтылуға ниет білдіріп, өз аймақтарынан жұмыс іздестіруде.

«Информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасының 2024-2025 ж.ж. түлектердің жұмысқа орналасуы туралы толық ақпарат