Информатика кафедрасының 2019-2020 оқу жылының түлектерінің жұмысқа орналасуы жөніндегі ЕСЕБІ

2019-2020 оқу жылы 5В011100-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 5 студент М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірді. Оның төртеуі мамандық бойынша жұмысқа орналасты. Біреуі бала күтіміне байланысқа жұмысқа орналаспады. Бұл мамандықты бітіруші түлектер республикамыздың бірнеше қаласында өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Атап айтсақ, Кенжегалиева Лунара еліміздің астанасы Нұр- Сұлтан қаласында №32 мектеп гимназиясында, Жуманиязов Махмуд Қостанай қаласындағы «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-де, Орысбай Айсулу Маңғыстау облысы, Маңғыстау  ауданы, Әбіш Кекілбаев атындағы орта мектебінде информтика пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Бұл білім беру бағдарламасы бойынша  жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болып табылады.

5В060200- Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 1 студент қана бітірді. Ол Хамитов Жасұлан, М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің IT орталығына электроншы- бағдарламалаушы болып жұмысқа орналасты.

5В070300-Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша 5 студент бітірді. Олардың бесеуі де жұмысқа орналасты. Бұл мамандық та қазіргі нарық бойынша үлкен сұранысқа ие болып табылады. Бұл мамандық түлектері Мақсот А- М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің IT орталығындаа инженер-бағдарламалаушы болып, Асқараов М- Атырау облысы, Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында бағдарламашы, Құспанова А-Нұр- Сұлтан қаласында CUSHPEN GROUP ЖШС-де ақпараттық жүйені енгізу бойынша маман болып қызмет атқарады.

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша 5 студент бітірді. Олардың ішінен екі студент, яғни Бектурганов М және Әділгереев Е-Орал қаласы, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті. Садықов С - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің «Казгидромет» ШЖҚ РМК БҚО филиалында IT маманы болып қызметке орналасты. Бір студент бала күтіміне байланысты демалыста.

Түлектер арасында 4-курста еңбекпен қамту мәселелсі бойынша жұмыс берушілермен кездесулер мен экскурсиялар жасалып тұрды. Атап айтсақ, 2019 - жылдың  12- қараша күні  М. Өтемісов атындағы мансап орталығының ұйымдастыруымен және топ кураторы Ғ.Г. Мухамбетованың жетекшілігімен Информатика кафедрасына қарасты «Ақпараттық жүйелер», «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының бітіруші курс студенттері Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасына экскурсияға барды. Шараның мақсаты бітіруші курс студенттеріне кәсіби сараман мен жұмысқа орналасатын кәсіпорынды таңдауына бағыт- бағдар беру болып табылды.  Студенттер Smart Uralsk ғимаратында орналасқан  басқарманың ақылды кеңсесімен (Smart Office) және  БҚО-ның  IT-мамандарына арналған  инновациялық «IT HUB» алаңымен танысты. Экскурсияға қатысқан студенттер Digital AQJAIYQ  тұжырымдамасы аясында аймақты цифрландыру бойынша жасалып жатқан жұмыстармен және ендірілген  IT-жобалармен  танысып қайтты. Экскурсия туралы материал БҚУ сайтында жарияланды.

Сонымен қатар, студенттер  кураторлық сағатты «Дипломмен- ауылға!» жобасы жайында ақпаратпен танысып, БҚУ мансап орталығы ұйымдастырған түрлі еңбекпен қамту жәрмеңкелеріне қатысты.

 

Құрастырған:жауапты оқытушы _____________

Келіскен: кафедра меңгерушісі    ____________