2018-2019 оқу жылындағы информатика кафедрасы бітірушілердің жұмыспен қамтылуы туралы есебі

Әрбір білім беру ұйымы үшін өз түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда жасалған еңбектің жемісі болып саналады. Осы орайда информатика кафедрасының түлектерді жұмыспен қамту бойынша жылдық жоспары қорытындыланып, есебі беріліп отырады.

2018-2019 оқу жылындакафедрада 48түлекбітірді, соның ішінде:

- 5В011100 информатика мамандығы бойынша–16студент (2017 жылы-5; 2018-25 );

- 5В070300 ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша -9 студент (2017 жылы-7; 2018 жылы-7);

- 5В070400 есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша-23 студент (2017жылы-5; 2018 жылы-5).

1-диаграмма

Кафедра түлектерінің контингенті

 

Кафедра мамандықтары бойынша университетті 48(2017 ж.–16; 2018ж.-39) түлек, оның ішінде 2адаммемлекеттік білім тапсырысы негізінде

(2017 ж.–6; 2018 ж.-6), ауыл квотасымен – 3(2017 ж.–0; 2018 ж.-2), «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында – 29, ақылы негізде14адам(2017 ж.–10; 2018 ж.-15) бітірді.

1-кесте

Кафедра мамандықтарыбойынша түлектердің сандық көрсеткіші

Мамандық шифры

Мамандық атауы

Бітірген студент саны

Мемлекеттік білім тапсырысы

Ақылы

Мемл. білім тапс.

Ауыл квотасы

«Серпін» бағд.

1

5В011100

Информатика

16

1

3

10

2

2

5В070300

Ақпараттықжүйелер

9

-

-

-

9

3

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

23

1

-

19

3

Барлығы

48

2

3

29

14

2018–2019 оқу жылы барысында мансап орталығы университет басшылығының қолдауымен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырған бірқатар шаралардың негізгілері ретінде жұмыс берушілермен өткізілген дөңгелек үстелді, түлектерді таратуды, мансап күнін атап өтуге болады.

«Мансап күні» шарасының мақсаты – бітіруші түлектерге жас мамандарды қолдау, жұмысқа орналасу бағдарламалары, жаңадан кәсіп ашу мен жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламалары, тұрғын үй алу, шот ашу туралы толық мағлұмат беру.

Шара барысында түлектер өздерінің сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын алады.

Кафедра бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы (2-диаграмма) көрсетілген.

5В011100-«Информатика» мамандығы бойынша бітірген 16 түлектің 12-і жұмыспен (75%) қамтылған.

5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша үстіміздегі жылы бітірген 9 түлектің 8-і да (89%) бүгінгі күнде жұмыспен қамтылған.

5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген 23 түлектің 20-і жұмыспен (87%) қамтылған.

2-диаграмма

Информатика кафедрасы мамандықтары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші

2-кесте

Магистратураға оқуға түскен 2019 жылғы түлектер саны

Мамандық шифры

Мамандық атауы

Оқу орнының атауы

Саны

1

5В011100

Информатика

РФ, Мәскеу қаласы, Мәскеу халықаралық академиясы

1

2

Астана қаласы, Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ

1

Қорытындыжәне ұсыныстар:

Сонымен қорытындылай келе, 2018-2019 оқу жылында бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша төмендегідей қорытындылар жасауға болады.

1. 2018-2019 оқу жылында кафедрада 48 түлек бітірді, соның ішінде:

16 түлек педагогикалық мамандық бойынша бітірсе, 32 түлек педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірді.

2.Бітіруші түлектердің қазіргі еңбек нарығының сұранысына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, мамандарға қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді көптеп тарту қажет.